Университет аумағындағы сенбілік жұмысы жалғасын табуда

Тазалық акциясына апта сайын белсене қатысамыз. Тазалық — аудан шырайын кіргізіп, қоршаған ортаға әдемілік сыйлайтын маңызды шаралардың бірі. «Тазалық — денсаулық кепілі», — деген ізгі ниетті басшылыққа алған әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-да жалпы университеттік сенбіліктер жиі ұйымдастырылады. Соның бірі — 2024 жылдың 11 қазанында өткізілген сенбілік, Тұрақты даму мақсаттарының ТДМ 6-мақсаты «Таза су және санитария» атты 6-тармағын жүзеге асыру аясында өтті.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен оның студенттері үшін сенбілік тек қоғамдық іс-шара ғана емес, экологиялық мәдениетті қалыптастырудың, тазалыққа жауапкершілікті арттырудың маңызды құралы болып табылады. Осы күні заң факультетінің Қылмыстық құқық, қылмыстық іс жүргізу және криминалистика кафедрасының «6B04205 – Құқықтану» білім беру бағдарламасының 1 курс 106 тобы мен топ эдвайзері оқытушысы С.Ш. Даубасова басшылығымен жалпы университеттік сенбілікке белсене қатысып, ҚазҰУ-дың аумағын қоқыстан тазартуға атсалысты.

Тазалық шарасына қатысу — экологиялық мәдениетті қалыптастырудың негізі. Сенбілікке қатысушылар университет тарапынан барлық қажетті құрал-жабдықтармен, қолғаптармен және қоқыс салатын қаптармен қамтамасыз етілді. Бұл шараға қатысқан студенттер өздерінің белсенділігін көрсетіп, оқу ордасының тазалығына үлес қосты. Студенттердің тазалық жұмыстарына қатысуы олардың экологиялық жауапкершілігін арттырып, қоршаған ортаны қорғауға деген саналы көзқарасын қалыптастырады. Өз қолымен тазалаған жерін ешқашан лас етпейтіні сияқты, сенбілік студенттерді тазалықты сақтау мен оны насихаттауға үйретеді.

Қоғамдық жауапкершілік және экологиялық тәрбие. Сенбілікке қатысу студенттерді еңбекке тәрбиелеумен қатар, экологиялық мәдениетті қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Бұл шара білім алушылардың қоғам назарын тазалық мәселелеріне аударуына, қоршаған ортаға деген жауапкершілікпен қарауына мүмкіндік береді. Сонымен қатар, сенбілік тек университеттің ішкі аумағын ғана емес, оның айналасындағы табиғи орта мен қоғамдық кеңістікті де әсемдеуге бағытталған маңызды қадам болып табылады.

ҚазҰУ аумағын тазалау — маңызды әлеуметтік іс-шара. ҚазҰУ-дің студенттері бұл сенбілік жұмыстарына қатысу арқылы оқу ордасының сыртқы келбетін жақсартып қана қоймай, өздерінің экологиялық сана-сезімін де дамытты. Сенбілікке қатысу арқылы студенттер қоғамдық пайдалы іс-шараларға тартылып, қоршаған ортаға, университеттің абыройы мен тазалығына жауапкершілікті арттырды. Мұндай шаралар студенттер арасында ынтымақтастық пен ұйымшылдықты да нығайтады.

Жалпы университеттік сенбіліктер — бұл студенттердің қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған маңызды шара. Университеттің аумағын тазарту — тек оқу ордасының көркін келтіру ғана емес, сонымен қатар жастардың санасына экологиялық мәселелерді ұғындырудың маңызды кезеңі. Бұл сенбілік жұмыстарына қатысқан студенттер өз үлестерін қосып, тазалықты сақтау арқылы қоғамды жауапкершілікке шақырып отыр.

1 курс 106 топ студенті Нұрлан Аружан,

топ эдвайзері С.Ш. Даубасова