«Үш бәйтерек» әдеби жобасы қорытындыланды

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасының Қоғамдық даму орталығы бастамасымен ұйымдастырылған «Үш бәйтерек» әдеби жобасының қорытынды іс-шарасы өтті.
Жобаның мақсаты- «Үш бәйтерек» атанған қазақ әдебиетінің негізін салушылар мен көрнекті өкілдерінің 130 жылдық мерейтойы аясында Сәкен Сейфулин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің әдеби шығармаларын насихаттау, өскелең ұрпақтың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыру.
Жоба үш кезең бойынша жүзеге асырылды:
I кезең – мектеп оқушылары арасында «Үш бәйтерек» үздік эссе байқауы;
II кезең – Әдеби оқулар (Ілияс, Секен, Бейімбет оқулары) байқауы;
Бүгін қорытынды III-ші кезең – жас ғалымдардың, филолог, сарапшылардың, ақын-жазушылар мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел ұйымдастырылып, оқырман қауымға жазушылар шығармаларының зерттелуі, оқытылуы бойынша танымдық, ғылыми, шығармашылық бағыт-бағдар берілді.
Соңында I-II кезеңнің қорытындысы бойынша марапаттау рәсімі өтілді.
Нәтижесінде елінің ертеңі мен болашағын ойлайтын өскелең ұрпаққа, ұлтымыздың үш бәйтерегі Сәкен, Ілияс, Бейімбет сынды өнер, қоғам қайраткерлері болған арыстай азаматтарымыздың, ақын-жазушыларымыздың өмірі мен жауһар еңбектері оқушылардың сүйікті шығармаларына айналып, тағылым-танымдары кеңейді.