VI қысқы Спартакиадада: Далель Толкунова сенсация жасап, жеңімпаз атанды

Бүгін Риддер қаласында өтіп жатқан тау шаңғысынан VI қысқы Спартакиадада кезекті жүлделер сарапқа салынды.

Үзілістен кейін спортшылар альпі комбинациясында жарысты. Нәтижесі мынадай:

Альпі комбинациясы, әйелдер:
1. Далель Толкунова (Алматы қаласы) 1.42:16 секунд
2. Мария Шкабарова (Алматы қаласы) 1.42:19
3. Яна Мелинг (ШҚО) 1.44:36

Ерлер:
1. Ростислав Хохлов (Алматы қаласы) 1.34.83 секунд
2. Захар Кучин (ШҚО) 1.36:21 секунд
3. Игорь Закурдаев (ШҚО) 1.36:88 секунд

Осыған дейін өзге дисциплиналарда жүлде алып келген Далель Толкунова бүгін фаворит саналған Мария Шкабаровадан басым түсіп, Спартакиададағы алғашқы алтынын мойнына тақты.

«Бүгін осы жарыстағы алғашқы алтынымды алдым. Бұл бағдарламада алғаш рет ресми жарыста өнер көрсеттім. Осыған дейін өзіме қола медаль қатты маңызды көрінетін. Үшінші орын тартыстың күшті болғанын көрсетеді деп ойлайтынмын. Бірақ бұл алтынның орны бөлек»,-деді Далель Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

Сонымен қатар бүгін тау шаңғысынан жастар арасындағы Қазақстан чемпионаты басталды.

Альпі комбинациясы, ерлер:
1. Ростислав Хохлов (Алматы қаласы)
2. Алексей Кулаков (ШҚО)
3. Владислав Ким (Алматы қаласы)

Әйелдер:
1. Мария Шкабарова (Алматы қаласы)
2. Яна Мелинг (ШҚО)
3. Ксения Бережная (Алматы қаласы)

Енді спортшылар жылдам слаломнан кім мықтыны анықтайды.

ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі