Visa Тарек Махмудты Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка елдері бойынша өңірлік президент ретінде тағайындады.

Visa (NYSE: V) Тарек Махмудтың Орталық және Шығыс Еуропа, Таяу Шығыс пен Африка (CEMEA) елдері бойынша өңірлік президент лауазымына тағайындалғанын хабарлады. Жаңа қызметінде Visa компаниясының тәжірибелі көшбасшысы серпінді дамып келе жатқан әрі инновациялық 86-дан астам нарықтағы операциялық қызметті басқаруға жауапты болады. CEMEA өңірінде Visa 23 жергілікті кеңсе арқылы 1 800-ден астам клиентке қызмет көрсетеді.

Visa-ның жаңа өңірлік президенті банк саласы мен төлем индустриясында 30 жылдан астам тәжірибеге ие. Бұл тағайындауға дейін ол Лондонда жұмыс істеп, компанияның Еуропадағы Value-Added Services бағытын басқарды. Тарек Махмуд Visa-дағы еңбек жолын 2019 жылы Сингапурдағы кеңседе Оңтүстік-Шығыс Азия елдері бойынша өңірлік менеджер қызметінен бастаған. Бұған дейін Ahli United Bank, ANZ және HSBC-де басшылық лауазымдарда қызмет атқарған. Жаңа қызметінде ол Дубайдағы кеңседе жұмыс істейді және Global Markets тобының президенті Оливер Дженкинге тікелей есеп береді.

Тарек Махмуд бұл қызметте жақында Visa-ның Value-Added Services бағытының президенті болып тағайындалған Эндрю Торрені алмастырды. Бұл бағыт – 9 миллиард доллар табыс әкелетін, 2021 жылдан бері жыл сайын орта есеппен 20% өсім көрсетіп келе жатқан, қарқынды дамып жатқан жаһандық бизнес.

«Біз қаржылық қызметтер, технологиялар және қарқынды дамып жатқан нарықтар тоғысында мол тәжірибесі бар көшбасшыны Visa компаниясының ең қарқынды өсіп келе жатқан өңірін басқару және CEMEA аймағында цифрлық төлемдерді одан әрі дамыту үшін тағайындағанымызға қуаныштымыз, – деп атап өтті Оливер Дженкин. – Өз мансабы барысында Тарек 13 елде жұмыс істеп, жаңа қызметінде жаһандық бірегей көзқарасын, үздік көшбасшылық қабілетін және Visa-ның әртүрлі нарықтардағы ірі клиенттерімен сәтті ынтымақтастық орнатқан дәлелденген тәжірибесін енгізетін болады».

«CEMEA өңірін басқару және қарқынды дамып жатқан нарықтарда төлемдер, сауда және ақша айналымының болашағын трансформациялау жолында қол жеткізілген әсерлі прогресті жалғастыру – мен үшін үлкен мәртебе, – деді Тарек Махмуд. – Мансабымның үштен бір бөлігін осы өңірде өткізе отырып, мен цифрлық төлемдерді одан әрі кеңейтудің, оларды тұтынушылар, сауда нүктелері мен экономикалар үшін барынша қолжетімді етудің мүмкіндігіне шабыттанып отырмын. Бүкіл өңір бойынша клиенттер мен серіктестермен бірлесе отырып өсімді қамтамасыз ету жолында өзіміздің бірегей командамызбен жұмыс істеуді асыға күтемін.