Зейнеп Сұлтанбек Азия чемпионатында қола медаль жеңіп алды

Еліміздің үш юниоры қатысқан 20 жасқа дейінгі шахматшылар арасындағы Азия чемпионатында шымкенттік Зейнеп Сұлтанбек блицтен қола медаль жеңіп алды.

 2024 жылғы 12 — 19 қазан аралығында Тагайтай қаласында (Филиппин) өткен Азия чемпионатында 20 жасқа дейінгі жеткіншектер барлық үш санат – рапид, классика және блиц бойынша (Asian Juniors and Girls Chess Championships 2024) бақ сынасты.

Чемпионатқа 13 елдің – Вьетнам, Гонконг, Гуам, Үндістан, Индонезия, Қазақстан, Қытай Тайбэйі, Малайзия, Моңғолия, Филиппин, Шри-Ланка, Жапонияның және FID (Ресейдің) 50-ден астам жас шахматшысы қатысты. 16 және 18 жасар үздік шахматшылар негізгі есептегі медаль жиынтығынан бөлек, қосымша жүлделерге ие болды.

Қазақстан тарапынан 16 жасар ФИДЕ шебері (FM) Имангали Ақылбай (Алматы облысы), әйелдер арасындағы ФИДЕ шебері (WFM) 18 жасар Кристина Попандопуло (Теміртау қаласы, Қарағанды ​​облысы) және әйелдер арасындағы халықаралық шебер (WIM) 20 жасар Зейнеп Сұлтанбек (Шымкент) қатысты.

Блицте Зейнеп Сұлтанбек соңғы турға дейін күресіп, өзі сияқты 6 ұпай жинаған Шухман және Ошинимен жарыста қола медаль жеңіп алды. 8 ұпай жинаған Үндістан ойыншысы Бристи Мухерджи (1866) және 7 ұпай алған Вьетнам спортшысы Луонг Хоанг Ту Линь (2029) біздің шахматшымыздан басым түсті. Кристина Попандопуло (1869) 4½ ұпай алып, 12-ші орынға шықты.

Ал 13-19 қазан аралығында жылдам шахмат турнирлерінің арасында «90+30» классикасынан 9 тур өтті. Чемпион мен жүлдегер атану үшін 32 бозбала мен 22 қыз бақ сынасты. Иманғали Ақылбай рейтингке сәйкес старт тізімінде –№ 11, Зейнеп Сұлтанбек – № 3 және Кристина Попандопуло № 5 болып тұрды.

Бозбалалар арасында осы турнирдегі жалғыз гроссмейстер Алексей Гребнев (2482) жеңіске жетті – 7½ ұпай. Халықаралық шебер (IM) Амилал Мунхдалай (2388, Моңғолия) одан жарты ұпай және халықаралық шебер (IM) Асват С (2473, Үндістан) бір ұпай артта қалды. Иманғали Ақылбай (2282) басқа да төрт қатысушы сияқты 6 ұпай жинап, «іріктелімді» Бухгольц коэффициенті бойынша 6-шы орынға ие болды.

Қыздардың арасында мұнда әйелдер арасындағы халықаралық шебер Анна Шухман (2163) 8 ұпай жинап, көш бастады. Үндістан ойыншылары Шеха Халдер (2063) мен WIM Теджасвини Г (2207) одан бір ұпай кем жинап, құрмет тұғырындағы тиісті орынға көтерілді. 5½ ұпай жинаған Кристина Попандопуло (2069) 5-ші орынға, 4½ ұпай алған Зейнеп Сұлтанбек (2150) 11-ші орынға ие болды.