Жаңа астық экспорты 7,6 млн тоннаға жетті

«ҚТЖ» ҰК» АҚ мәліметінше, 2024 жылғы қыркүйектен 2025 жылғы сәуірге дейінгі аралықта жаңа астық өнімі экспорты 7,6 млн тоннаны құрады. Бұл – өткен жылғы осы кезеңмен салыстырғанда 58%-ға артық (4,8 млн тонна).

Экспорт көлемінің артуы қазақстандық астыққа сыртқы нарықтағы жоғары сұранысты, сондай-ақ жеткізу географиясының кеңейіп, логистикалық бағыттардың тиімді жетілдіріліп жатқанын көрсетеді.

Экспорттың негізгі бағыттары және өсім қарқыны: Өзбекстан –  2,7 млн тонна (+29,7%, 2023 жылғы 2 млн тоннамен салыстырғанда); Тәжікстан –  1,1 млн тонна (+51%, 726 мың тоннамен салыстырғанда); Ауғанстан –  270 мың тонна (+34%, 202 мың тоннамен салыстырғанда); Қырғызстан –  181 мың тонна (екі есе артты); Иран –  889 мың тонна (2023 жылғы 54 мың тоннамен салыстырғанда 16,4 есе өсті); Әзербайжан –  569 мың тонна (5 мың тоннадан 113,8 есе өсті).

ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі агроөнеркәсіптік кешеннің экспорттық әлеуетін дамыту және қолдау жұмыстарын жалғастыруда.