Жаңартылған толық жетекті KAIYI X7 кроссовері енді Қазақстанда

Orbis Аuto автомобиль тобына кіретін Қазақстандағы KAIYI брендінің ресми дистрибьюторы жаңартылған толық жетекті SUV-кроссоверін – KAIYI X7 AWD ұсынды. Жаңа өнім қазірдің өзінде елдің барлық ресми дилерлік орталықтарында қолжетімді.

KAIYI X7 – заманауи дизайн, озық технологияны, қуатты қозғалтқышты және жоғары қауіпсіздік деңгейін өзіңде керемет үйлестіретін, яғни заманауи нарық талаптарын ескере отырып жасалған кроссовер. Жаңа спорттық бейне автомобильдің динамикасын көрсетеді: радиатордың каскадты торы,  бұрылыстың динамикалық көрсеткіштері бар жарықдиодты фаралар және жаңартылған аэродинамикалық шанақ сызықтары. Модель 20-дюймдік дискілермен және 255 мм жалпақ шиналармен жабдықталған, олар жолда тұрақтылықты арттырады.

Ferrari дизайнерлері әзірлеген KAIYI X7 экстерьері көліктің жарқын сипатын көрсетіп, жолда өзіне назар аудартады. Салоны стильді ақшыл немесе қара түсті әрлеумен және жоғары жайлылық деңгейімен ерекшеленеді. Кең интерьер 5 және 7 орындық конфигурацияларда қол жетімді. Жеті орындық нұсқа бірнеше баласы бар үлкен отбасыларға немесе жолаушылар мен багажға қосымша орын қажет болатын компаниямен жол жүргенде ыңғайлы. Жақсартылған дыбыс оқшаулауы, энергия сыйымды аспасы және толық жетек қалада да, одан тыс жерлерде де – асфальт пен жолсыз жерлерде саяхаттау кезінде тыныштық пен жүріс жатықтығын қамтамасыз етеді. Сенімді, стильді және үнемді KAIYI X7 белсенді өмір салтын ұстанатындар мен жайлылықты бағалайтындар үшін жасалған және ұсақ-түйекке дейін ойластырылған.

«Біздің модельдік қатарымызда маңызды орын алатын KAIYI X7 баға, сапа мен заманауи технологиялардың оңтайлы үйлесімінің арқасында қазақстандық нарықта үлкен әлеуетке ие. Біз тұтынушыларға тартымды бағаны ғана емес, сонымен қатар қалада пайдалану үшін де, ел ішінде саяхаттау үшін де қуатты, сенімді және жоғары технологиялық көлікті ұсынамыз. Бұл жай ғана автомобиль емес — бұл өмір салты», — деп белгілеп өтті Қазақстандағы KAIYI дистрибуция директоры Юлия Тишакова.

KAIYI X7 CarPlay және Android Auto мультимедиасы, дауыстық басқару элементтері, цифрлық аспап-құралдар панелі және автотұрақта жоғары сенімділік үшін 360° панорамалық камерасы бар мөлдір шасси сияқты озық технологиялармен жабдықталған, Сондай-ақ, автомобильде бейімделген круиз-бақылау, соқыр аймақтарды бақылау, шұғыл тежелу жүйесі және алысқа түсетін жарықты автоматты түрде ауыстыру жүйесі сияқты жүргізушіге көмек көрсететін 14 интеллектуалды жүйе бар.

«KAIYI бренді дилерлік желіні кеңейту және тұтынушыларға қызмет көрсету сапасын жақсарту арқылы белсенді дамып келеді. 2025 жылы біз 400 KAIYI X7 автокөлігін, оның ішінде 160 толық жетекті нұсқасын сатуды жоспарлап отырмыз, сонымен бірге сенімділік, технологиялылық және сервистің жоғары деңгейімен бүкіл әлем бойынша сатып алушылардың сеніміне ие болған модельдерді ұсына отырып, қазақстандық нарықтағы орнымызды айқындыра түсеміз деген сенімдеміз», – деп атап өтті Қазақстандағы KAIYI дистрибуция директоры Юлия Тишакова.

Жаңа KAIYI X7 құны арнайы ұсыныс бойынша максималды пайданы ескере отырып, 11 790 000 теңгеден басталады. Толық жетекті Luxe жиынтығының бағасы 14 290 000 теңгеден басталады. KAIYI X7 модельдік қатарына максималды пайда 2 500 000 теңгеге жетеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанның 11 қаласындағы KAIYI дилерлік орталықтары KAIYI кроссоверлерінің барлық желісін (X3, X3 Pro, X7), сондай-ақ ықшамды динамикалық E5 седанын ұсынады. Ағымдағы жылдың соңына дейін дилерлік желіні одан әрі кеңейту жоспарланып отыр.

Модельдер мен арнайы ұсыныстар туралы қосымша ақпаратты KAIYI ресми дилерлерінен, www.kaiyi-auto.kz сайтында немесе мына телефон арқылы: +7 700 801 80 80 білуге болады.