Жаппай тәртiпсiздiкке шақыру хабарламасын жолдағаны үшін сотталды

Кінәлі, жүк көлігінің артық салмағына қатысты заң талабымен келіспей, «Whatsapp» тобына билік өкілдеріне белсенді түрде бағынбауға және қару қолдану арқылы жаппай тәртiпсiздiкке қатысуға хабарламалар жолдаған.

Сот үкімімен жауаптылығын жеңілдететін мән-жайларын және ауырлататын мән-жайлардың жоқтығын ескере отырып, оған пробациялық бақылау белгілеп 2 жыл 6 айға бас бостандығын шектеуге сотталды.

Билік өкiлдерiнiң заңды талаптарына белсенді түрде бағынбауға және жаппай тәртiпсiздiкке шақырғаны, не жаппай тәртіпсіздікке арандатуы, сол сияқты азаматтарға зорлық-зомбылық жасауға шақырғаны үшiн, оның iшiнде бұқаралық ақпарат құралдарын немесе телекоммуникация желілерін пайдалану арқылы жасалған әрекеттерге 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру түріндегі қылмыстық жауаптылық көзделген.

Астана қаласының прокуратурасы