Жас жол инспекторлары жасағының 20-шы слеті

2025 жылдың 3-13 тамызы аралығы Өскеменде жас жол инспекторларына арналған дәстүрлі республикалық слет өз жұмысын бастайды.
Оған еліміздің 20 өңірінен келген 200 жуық оқушы, сонымен қатар Беларусь пен Қырғызстаннан жас жол инспекторлары қатысады. Бағдарлама аясында түрлі байқаулар, тренингтер, интерактивті іс-шаралар мен көшбасшылыққа бағытталған тапсырмалар ұйымдастырылып, жасөспірімдерге қауіпсіздік мәдениетін насихаттаудың тың әдістері ұсынылады.
Шараның негізгі мақсаты – балалар мен жасөспірімдер арасында жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру, балалар арасындағы жол-көлік оқиғаларының санын азайту және жауапкершілік пен көшбасшылық қасиеттерді дамыту.