Жасанды интеллект саласына мамандар даярланады

Кездесуге ҚХР Алматы­дағы бас консулы Цзян Вэй, ғылым және білім жөніндегі консул Чжан Вэй, ғылыми зерттеу орталықтарының жетек­шілері, ғалымдар қа­тыс­ты.

Екі ел ғалымдары Чжэцзян технологиялық уни­вер­ситеті, ҚХР жоғары технологиялық компаниялар тобымен бірлесіп ашыл­ған «Қазақстан-Қытай ғылым және технологияны трансферлеу орталығының» жұ­мысымен танысып, ауыл шар­уашылығы өнімдерінің өнімділігін арттыру, суды үнемдеу технологияларын дамытуға байланысты жобаларды талқылады.

Тараптар мұнымен қоса Чжэцзян технологиялық университетімен келісімге орай ашылатын «Кеңістіктік-уақыттық жасанды интеллект және тұрақты даму жөніндегі халықаралық бірлескен зертхананың» жобасымен танысып, жасанды интеллект және геоақпараттық жүйелер технологияларын қолдану арқылы су ресурс­тарын мониторинг жасау, табиғат апаттарының алдын алу, ауыл шаруашылығын цифрландыру және «ақылды егіншілік» технологияларын ен­гізудің өзектілігін атап өтті.

Хань Чуньлин мырза Қытай аграрлық универ­ситеті мен «Dayu Irrigation Group» компаниясымен бірлесіп құрылған «Құр­ғақ аймақтарда суды тиімді пайдалану бо­йынша Қазақстан-Қытай ха­лықаралық зертхана­сы­ның», Ланьжоу универ­си­тетімен бірлесіп ашылған «Ақылды ауыл шаруа­шы­лығы орталығының» жұмыс­та­рымен де танысты.

Қазақстан ғалымдары кейінгі екі жылдың ішінде Қытайдың ғалымдары және компанияларымен бірлесіп, бірнеше орталық, зертхана ашты. Соның бірі – Қытай ауылшаруашылық университеті және «Eavision» ком­паниясымен бірлес­кен Қазақстан-Қытай ауыл­шар­уашылық дрондарын басқару бойынша зерттеулер мен оқыту орталығы.

ҰҒА президенті А.Күрішбаев бұл бастама­лар­дың болашақта агросаланы дамытып, су ресурстарын басқару және бірлескен ғылыми зерттеу­лер жүргізуге, жаңа технологиялар трансфертін жүзеге асыруға, бәсекеге қабілетті мамандарды бірле­се даярлауға мүмкіндік бере­тінін атап өтті.

Өз кезегінде ҚХР елшісі Хань Чуньлин мырза екі ел арасындағы ынтымақ­тас­тықты дамытудағы оң нышандарға тоқталып, ғылым-білім беру орталық­тары арасындағы байланыс­тарды тереңдету, Қытай технологиясын Қазақстанға енгізу арқылы ауыл, су шаруашылығын дамыту, экологиялық таза өнім алуға қатысты жобалардың іске асатындығына сенім білдірді.

Кездесу барысында Чжэцзян технологиялық университетімен жасанды интеллект саласындағы кадр­ларды даярлау жөніндегі Халықаралық институтын ашу мәселесі талқыланды.

Дереккөзі: egemen.kz