Жетісу ауданында бүлдіршіндерге арналған кино кеші өтті

11 шілде күні Алматы қаласы, Жетісу ауданы комьюнити орталығы Құлагер шағын ауданында аудан бүлдіршіндері үшін кино кешін ұйымдастырды. Шарада балаларға танымал «Каникулы off-line 3» фильмі көрсетілді. Фильм жазғы демалысқа шыққан балалардың қызықты оқиғаларын баяндайды, достық пен бір-біріне қолдау көрсету тақырыптарын қозғайды.

Кештің мақтасаты – балалардың жазғы демалысын қызықты әрі пайдалы өткізуге шақыру. Мұндай іс-шаралар балалардың шығармашылық дамуына және бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынасын нығайтуға үлкен әсер етеді.