Жетісу облысында жаңа оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр

Бірінші сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталды. Қабылдау 2025 жылдың 31 тамызына дейін жалғасады. Бұл туралы Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов мәлімдеді.
Оқушыларды мектепке қабылдау Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 12 қазандағы №564 бұйрығына сәйкес жүргізіледі. Құжаттарды электронды egov.kz арқылы және қағаз жүзінде беруге болады. 1 сыныпқа алты жасар және биыл 6-ға толатын балалар қабылданады.
Мектепке қабылдау мектептердің сыйымдылығына қарай жүргізіледі. Өтініш демалыс және мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден жұмаға дейін қабылданады.
Атап өтейік, Жетісу облысында 2025-2026 оқу жылына шамамен 12 мыңнан астам оқушыны қабылдау жоспарланып отыр. Бүгінгі күні облыс бойынша 5656 баланың құжаттары қабылданды.