«Жоқтау» фильмінің трейлері жарыққа шықты
«Жоқтау» – Аруан Анартаевтың дебюттік толықметражды фильмі. Режиссер 2020 жылы «Ыстық көл» атты алғашқы қысқаметражды фильмін де Киноорталықтың көмегімен түсірген.
Жаңа картина ұзақ уақыт бойы шетелде өмір сүріп жүрген және өзін нағыз шетелдік азамат сезінетін жас қазақстандық ғалымның тарихын баяндайды. Күндердің күнінде тағдырын айқындайтын шешім қабылдамас бұрын, ол туған жеріне маңызды саяхат жасау үшін оралады…
«Бұл әр көрерменге әсер ете алатын өте жеке оқиға. Өйткені, фильм көтеретін «біз кімбіз, қайдан келеміз және қайда барамыз?» деген сұрақтар әр адамның жүрегінде орын алған», — дейді картинаның продюсері Аружан Досымқожа.
Басты рөлдерде Ермек Шынболатов, Исбек Әбілмажинов және Ирина Баркова ойнайды. Камераның тізгінін қазақ киносындағы азғана оператор қыздардың бірі – Айгүл Нұрболатова ұстады. Қоюшы-суретші – Аяна Нұрдинова. Фильмнің продюсерлері – Аружан Досымқожа және Александра Сытник. Фильмнің композиторы Санжар Бәйтереков.
Фильмнің түсірілімі өткен жылдың күзінде өтті. Кинокартинаның авторлары туындыны халықаралық фестивальдерге жіберуді жоспарлап отыр.
«Жоқтау» толықметражды көркем фильмі «Ұлттық киноны қолдаудың мемлекеттік орталығы» КЕАҚ көмегімен түсірілді.