Жұмысшы мамандықтар жылы: Колледж бен бизнестің өзара серіктестігі нығая түсуде
Абай облысының Бизнес және сервис жоғары колледжінде Индустриялық кеңестің отырысы және WorldSkills Business 2025 колледжішілік кәсіби шеберлік чемпионатының іріктеу кезеңі өтті.
Іс-шараның мақсаты — білім сапасын жақсарту, студенттердің практикалық даярлығын күшейту, әріптестік қарым-қатынастарды дамыту, жұмысшы кәсіптерінің беделін арттыру және танымал ету
Салтанатты ашылу барысында қонақтар жұмысшы мамандықтарының құндылығы туралы бейнеролик тамашалап, «Айкөркем» сән театрының ерекше қойылымын көрді.
Абай облысының білім басқармасы, кәсіпкерлер палатасы, Семей қаласының кәсіпкерлік бөлімі өкілдері, әлеуметтік әріптестер мен жұмыс берушілер колледж бен кәсіпорындар арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті нығайту, студенттердің кәсіби дайындығы мен жұмыспен қамтылуын арттыру мәселелерін талқылады.
Шақырылған қонақтар 70-ке жуық студенттің 11 құзыреттілік бойынша шеберлігін бағалап, олардың практикалық жұмысымен танысты.
Бұл шара – жұмысшы мамандықтардың маңыздылығын арттыру және колледж бен бизнестің өзара серіктестігін дамыту жолындағы маңызды қадам.
Абай облысы ББ баспасөз қызметі