Жүргізушілер назарына: Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодекске маңызды өзгерістер күшіне енді

2025 жылғы 13 наурыздан бастап Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексіне (ӘҚБтК) жол қозғалысы ережелеріне қатысты маңызды өзгерістер енгізілді.
Жол-көлік оқиғасы (ЖКО) және материалдық залал (610-бап)
Бұрын: 20 АЕК (78 640 теңге) айыппұл немесе 6 айға жүргізуші куәлігінен айыру болатын.
Жаңа өзгеріс бойынша: Жүргізуші куәлігінен айыру алынып тасталды, тек айыппұл салынады. Егер 7 күн ішінде төленсе, айыппұл 39 320 теңге болады.
Қысқартылған іс жүргізуге прокурордың наразылығы бойынша 1 жыл ішінде шағымдануға болады.
Қайталанған жол көлік оқиғасы немесе жеңіл дене жарақаты (610-бап, 2-бөлім)
Егер жүргізуші бір жыл ішінде қайталанған ЖКО жасаса немесе жеңіл дене жарақатын келтірсе:
40 АЕК (157 280 теңге) айыппұл немесе
9 айға жүргізуші куәлігінен айыру.
Бұл жағдайда 50% жеңілдік қолданылмайды.
Қарсы қозғалыс жолағына шығу (596-бап)
Жаңа 3-1 бөлік:
Қарсы қозғалыс жолағына шығу – 30 АЕК (117 960 теңге) айыппұл.
Жаңа 4-1 бөлік:
Егер қарсы қозғалыс жолағына шығу материалдық залал келтірсе – 9 айға жүргізуші куәлігінен айыру.