Жұрқамырза Шүкірбеков Париж-2024 Паралимпиада ойындарының қола жүлдегері атанды

Жұрқамырза Шүкірбеков пара дзюдодан J2 класында 90 келі салмақты сынға түсіп, қола медаль жеңіп алды. Қола жүлде үшін жекпе-жекте Жүркамырза Франциядан келген қарсыласы Насер Зорганиді иппонмен жеңді. Бұған дейін, жартылай финалда, спортшымыз грузиялық Реваз Чикоидзеге есе жіберді, ал ширек финалда бразилиялық Серхио Фернандес Жуниорды (J2) жеңген болатын.