Жыл басынан бері 714 шетел азаматтары ел аумағынан шығарылған
Еліміздің көші-қон заңдылығын бұзатын шетелдіктер қатары көп. Жыл басынан бері 714 шетел азаматтары ел аумағынан шығарылған.
Заңсыз көші-қон арналарын бұзған және елорда аумағында заңсыз жүрген шетелдіктерді анықтау мақсатында елордада 1 тамыздан бастап «Мигрант» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өтіп жатыр. Іс-шара басталғалы ҚР көші-қон заңнамасын бұзған 45 шетелдік пен 7 ҚР азаматтары жауапкершілікке тартылған. Көші-қон заңнамасының нормаларын бұзғаны үшін 8 шетел азаматы ел аумағынан шығарылған. Жедел профилактикалық іс шарасы барысында құрылыс нысандары, мейрамханалар мен дәмханалар, базарлар мен сауда орталықтары тексеріледі.
Осы жылдың 7 айында көші қон заңнамасын бұзған 8 мыңнан астам шетелдік пен ҚР азаматы жауапқа тартылған. Оның ішінде халықтың көші-қоны саласындағы заңнаманы бұзған 3 900 астам шетел азаматы, шетелдік азаматтарды қабылдайтын жеке немесе заңды тұлғалардың заңнамасын бұзған 1 150 жуық Қазақстан азаматы, шетелдіктерді заңсыз жұмысқа тарқан 150 жуық жұмыс беруші әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Қазақстан Республикасының 2 930 азаматы тіркеусіз немесе жеке басын куәландыратын құжаттарсыз тұрғаны үшін әкімшілік іс қозғалған.
Астана қаласының Полиция департаметі көші-қон қызмет басқармасы сыртқы және ішкі көші-қон процестерін бақылау, шетелдіктерге Қазақстанда тұрақты тұруға, азаматтардың шетелге тұрақты тұруға кетуіне рұқсат беру, азаматтықты қабылдау және одан шығу, халықты тіркеу және құжаттандыру міндеттерін атқарады. Басқарма 12 түрлі мемлекеттік қызмет көрсетеді. Жыл басынан бері 8 жедел профилактикалық іс шара өткізген.
Қала тұрғындары қалаға заңсыз келген шетел азаматтары туралы ақпаратты жақын жердегі учаскелік полиция пунктеріне немесе «102» нөміріне хабарлай алады.