“140  балл” сериалы  емтихан стресінің шындығын қалай көрсетеді және ата-аналар не істеуі керек

14 мамырда “140 балл ” сериалының премьерасы өтті , бұл  ҰБТ-дағы  керемет  нәтиже үшін тәуекелді қадамға бел буған  түлектер туралы жоба.

“140  балл”  сериалы  кәдімгі емтиханнан жасөспірімнің болашақ  өмірін айқындаушы  оқиғаға қалай айналатынын анық көрсетеді. Балалар психологы Татьяна Остапенкомен сұхбатында  сериал призмасы арқылы   жасөспірімге ересек өмір жолындағы осындай ауыр сынақты жеңуге қалай көмектесуге болатындығы туралы мәселелерді талқылады.

Сарапшының жеткізгісі келетін  негізгі ойы-бұл жасөспірімнен бұрын оның  ата-анасына  көмектесу керек  тұжырым. Өйткені  орасан зор қысымды тудыратын ата-аналар, мектеп және қоғам. Табиғатынан  алты айдан артық дүниелерді  жоспарлай алмайтын бала басқалар үміт еткен ауыртпалыққа  тап болады. Емтихан білім сынағы болудан қалып, ата-ана мен мектеп мәртебесін растайтын деңгейге айналады.

Қысым, күту және жауапкершілік – мұның бәрі баланың иығына түскен жүк іспетті, ал  мұндай ауыртпалық оның жасына сәйкес келмейді. Ақылы оқуға ақшаның болмауына байланысты білім ала алмай қалам ба,  деген ой туып, баланы әбден мазалай бастайды.  “Анам мен әкем осылай деді”, демек   грант қажет. Ал грант үшін өз кезегінде жоғары балл қажет. Бұл мәртебенің  мәселесі, яғни, “біз білім алу ақша  үшін төлеген жоқпыз”, деген ұғым.

Ата-аналар  “мен  көп қаржы салдым, көп күш жұмсадық. Мектеп  барынша тырысып бақты. Сендер  үмітімізді  ақтауға тиіссіңдер. Сендерге көп  ақша салынды”, дейді.  Бұл мүлдем баланың ұстанымы емес.

Бұл шиеленісті жеңілдету үшін психолог бірнеше практикалық қадам ұсынады. Мысалы, бүкіл өмір контекстінде  бұл оқиғаның ауқымын көрнекі түрде көрсету үшін баламен бірге өмір сызығын салуға болады. Қағазды алып, орташа өмір сүру ұзақтығын (мысалы, 80 жыл) білдіретін ұзын сызықты бейнелеңіз. Бұл жолда ҰБТ тапсыру жасына (17-18 жас) сәйкес келетін нүктені табыңыз. Бұл нүкте бүкіл сызықпен салыстырғанда мүлдем кішкентай. Оған  сонша алаңдау-жағдайды ушықтыру деген сөз. Бұл өмір деген  ұзақ жолдағы бір ғана кішкентай қадам, үкім де емес, ақырзаман да емес.

Ендігі  бір маңызды қадам – қорқыныштарды пысықтап көру. Баламен бірге: “егер мен 140 ұпай жинамасам, ең жаман  дегенде не болады?», деген сұраққа жауап беру керек.  Алаңдатқан нәрселерді  дауыстап айтудың өзі  олардың күшін жоғалтуға көмектеседі. Сіздер  тіпті ең қиын деген  сценарийдің де шешімі бар екенін көретін боласыздар (мысалы, кейінірек грантқа ауысу). Фокусты  “мен  міндеттімін”,  дегеннен шынайы  “мен мынаны  қалаймын”, деген нәрселерге бұрған   маңызды. Бұл баланың бойындағы  үлкен жүкті түсіреді.

Бірлескен дайындық өте пайдалы болуы мүмкін. Тақырыптарды талқылау және материалды бірлесіп зерттеу білімдегі олқылықтардың орнын толтыруға көмектеседі. Алайда, бұл жерде маңызды сұрақ туындайды: мұндай топ қолдау бола ма, әлде керісінше дүрбелеңді күшейте түсе  ме? Егер негізгі идея материалды түсіну болса, онда бұл пайдалы. Бірақ  топ тек  бір-бірін алаңдатып, бір-біріне қауіптерін айту  үшін жиналса, онда керек емес.  Біздің психикамыз назарымыз қайда аударылса,  энергиямыз да сонда бағытталатындай етіп   қалыптасқан. Паникаға зейін қоя беретін болсаңыз, ол өрши түспек.

– Бала емтихан алдында қатты абдырап қалса немесе  тіпті өзіне- өзі ие бола алмай қалса ше?

– Мұны балаға алдын-ала айту керек. Оның бойын кернеген  сезімдер ол көтере алатыннан күштірек бола бастаған  кезде, тіректен айырылып қалатындай сезім пайда болады. Осы кезде миында  өзіме  ие бола алмай қалам  ба, деген ойлар күшейе түседі. Денесінің бір жағы ұйып, паниканы одан әрі  күшейте түседі.

Стресті жеңілдету үшін жерді сезіну  техникасы ұсынылады. Алдымен  аяғыңыздың  бүкіл өкшесін сезінуіңіз керек: аяқтағы саусақтан  бастап өкшеңізге  қарай икемделіп   қайта-қайта секіріп көріңіз. Содан кейін қолыңызды суық қабырғаға тигізіңіз немесе онда  маңдайыңызбен сүйеніңіз. Егер су болса, оны кішкене–кішкене жұтыммен ішіңіз.

Тағы бір жаттығу бар. Кезекпен ішіңізден соларды  атап шығыңыз:

Сіз көріп тұрған  бес нәрсе;

Сіз естіп тұрған төрт дыбыс;

Сіз сезініп тұрған  үш сезім (қабырғаға, киімге қолыңызды тигізу);

Екі иіс (алақаныңызды немесе конфетті иіскеп көріңіз);

Бір дәм (бір жұтым су немесе лимон дәмін сезіну).

Сіз бұл әрекеттерді жасаған кезде миға “мен жағдайды  бақылаудамын. Мен шынымен көремін, мен   шынымен естимін. Менің  жағдайым ойдағыдай”, деген сигнал келеді.

Егер жағдай соншалықты оайдағыдай  болмаса, тыныс алу көмектеседі. “Квадрат бойынша”  тыныс алу бәріне бірдей сәйкес келмейді. “4-8” техникасы ыңғайлы: 4  рет санап  дем алу, 8 рет санап  дем шығару. Сіздің дем шығаруыңыз тыныс алудан екі есе ұзын болуы керек.

Бұрын емтихандарға қара шоколад алуға болатын: ол миға глюкозаны тез береді. Оны баяу сорып, аздап су жұтып отырыңыз.

Егер сіз біреудің абдырап  тұрғанын  көрсеңіз,  оған жақындап,  қолынан ұстап: “маған қара. Бірге дем алайық”, деңіз.  Және онымен бірге  “4-8” схемасы бойынша дем алыңыз.

Ата – аналардың міндеті-емтихан нәтижелері мен баланың өмірінің құндылығы арасындағы түкке тұрғысыз  байланысты үзу. Университет жалғыз жол емес. Университетті жалғыз мақсат ретінде таңу арқылы ересектер көбінесе баланың шынайы игілігі туралы ойламай, өздерінің “жақсы ата-ана” мәртебесін растауға тырысады.

Емтихан стресі физикалық жағдайға әсер етеді. Ата-аналардың  бұл жай  “қыңырлық” емес, дененің сарқылу сигналдары екенін түсіну маңызды.

Қандай физикалық белгілерге назар аудару керек?  Ұйқының бұзылуы (ұйқысыздық, түнгі мазасыздық), тәбеттің өзгеруі (тамақтан толық бас тарту немесе стресті ” тамақ көп жеп қайтару”), неврологиялық көріністер (қолдың дірілдеуі, жүйке тиктері) және психосоматикалық ауырсыну (бас ауруы және іштің ауыруы) жатады.

“Егер сіз баланың бойынан  осы белгілердің біреуін немесе бірнешеуін байқасаңыз… бұл оның кәсіби көмекке мұқтаж екендігінің тікелей белгісі. Ең бастысы-мәселені уақытында байқап, көмек көрсету”, – дейді сарапшы.

Сюжеттің басты желісі – ҰБТ-ны бұзып, ең көп  140 балл  жинауды ойластырған  11 сынып оқушылары тобы. Әр түрлі стандартты емес және әрдайым заңға сай келе бермейтін  тәсілдерге жүгініп, олар өз мақсаттарына жетіп қана қоймай, жалпы жоспардың айналасында шоғырланып, шынайы достыққа ие болады. Алайда олардың жетістігі күдік тудырады және көп ұзамай тергеу басталады. Сериалдың басты сұрағы: олар ҰБТ-ны қалай бұзды?

“140 балл” – қазақстандықтардың бірнеше ұрпағы үшін маңызды әлеуметтік және эмоционалдық тәжірибе ретіндегі  ҰБТ тақырыбын көтерген  алғашқы қазақстандық сериал. 2025 жылы негізгі ҰБТ-ны 210 мыңнан астам талапкер тапсырды, жалпы тестілеуден 381 мың рет өткен . Бес пән бойынша орташа балл 69, ең жоғары балл – 140 балл, ал 598 қатысушы 130 балдан жоғары балл жинады. Бұл цифрлар  ҰБТ тақырыбының өткен жылдарда мектеп оқушылары, ата-аналар мен түлектер үшін ең танымал және эмоционалды маңызды болғандығын  дәлелдеп отыр.