15 елдің сарапшылары City Health халықаралық конферециясында зиянды азайту мәселелерін талқылады
Бішкекте Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай, Польша, Ұлыбритания, АҚШ, Германия және басқа да елдердің сарапшыларының қатысуымен «City Health» қалалардың денсаулық сақтау жөніндегі XII халықаралық конференциясы өтті. «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы ЗТБ осы іс-шараны ұйымдастырушылардың бірі болды.
«City Health» — халық көп шоғырланған қалалар мен олардың түбіндегі проблемаларға ерекше назар аудара отырып, денсаулық сақтау және зиянды азайту мәселелеріне арналған жыл сайынғы халықаралық конференция. 2023 жылы конференция алғаш рет Орталық Азия аймағында ұйымдастырылды, онда есірткіні, алкогольді, темекі шегуді, экологияны, тамақтануды және жұқпалы емес аурулардың дамуына әкелетін басқа да зиян әдеттерді тұтынумен байланысты зиянға тиімді әрекет етудің қажеттілігі мен артықшылықтары қарастырылды. «Денсаулық» ЗТБ-дан басқа, ұйымдастырушылар арасында «Global Public Health Network» жаһандық қоры мен «SOLID» халықаралық жобасы, Бішкек Халықаралық медицина институты және Қырғызстанның әлеуметтік қызметкерлер қауымдастығы болды.
Конференцияда жаман әдеттердің салдары және олардың адам денсаулығына зиянын азайту жолдары талқыланды, сонымен қатар, денсаулыққа зиян келтіретін және халықтың мезгілсіз өліміне әкелетін жаман әдеттермен күресудің икемді тәсілдері атап өтілді. Іс-шараға қатысушылар әлемдік денсаулық сақтау жүйесі (мысалы, Covid-19 пандемиясы) тап болған заманауи сын-қатерлерді де толықтай талқылап, жинақталған проблемаларды шешу мүмкіндіктері де атап өтілді.
Қазақстаннан келген делегация құрамында ҚР Денсаулық сақтау министрлігі Қоғамдық Кеңесінің Төрағасы, Парламент Мәжілісінің 5-шақырылымының депутаты Н. М. Петухова, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Н. М. Иманғалиева болды. Конференция тақырыбы біздің еліміз үшін де өзектілігі атап өтілді. Медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.С. Нұрғожин мен «Primary Health Care» Ұлттық қауымдастығы президенті, медицина ғылымдарының докторы, профессор Т.К. Рахыпбекованың ауызша баяндамалары конференцияға қатысушылар арасында үлкен қызығушылық туғызды.
ДДСҰ деректеріне көз жүгіртсек, өлім-жітімнің барлық себебінің 60%-дан астамы адамның өмір салтына тікелей байланысты (дұрыс тамақтанбау, физикалық белсенділіктің төмендігі, жаман әдеттер), ал бұл өз кезегінде жұқпалы емес аурулардың (ЖЕА) дамуына ықпал етеді.
Қазақстанда ЖЕА барлық өлімнің 87% үлесін алып отыр отыр, оның ішінде
— 47%-ы жүрек-қан тамырлары аурулары,
— 17%-ы онкология,
— 7%-ы созылмалы респираторлық аурулар,
— 2%-ы диабет,
— 5%-ы аналық, перинаталдық аурулар және тамақтанудың бұзылуы,
— 8%-ы жарақаттар,
— 13%-ы басқа да ЖЕА.
«Әр адам ұзақ әрі сапалы өмір сүргісі келеді, бірақ бұл үшін күш салу керек. ДДСҰ-ға сәйкес, денсаулық 50% адамның өмір салтына, 20% тұқым қуалаушылыққа, 20% қоршаған орта жағдайына және тек 10% медициналық қызмет сапасына байланысты. Сондықтан адам денсаулығын қалыптастыру мен нығайтудың негізі – салауатты өмір салты. Бірақ есірткіні, алкогольді және темекіні саналы түрде қолданатын адамдарға бұл жаман әдеттерден бас тарту қиынға соғады. Зиянды азайту әдісін қолдана отырып, біз оларға зиян емес балама ұсынамыз. Бұл ретте біз ешқандай да нәтиже бермейтін жалпы тыйымдар мен қатаң шектеулер туралы айтып отырғанымыз жоқ. Бұл сенімді және тексерілген ақпаратқа қолжетімділікті ашу және адамға таңдау мүмкіндігін беру тұрғысындағы әңгіме», — деді дәрігер әрі «Денсаулық» Ұлттық қауымдастығы» ЗТБ басшысы Бақыт Түменова.
Зиянды азайту – адам денсаулығын сақтауға бағытталған және жаман әдеттерге толық тыйым салуға емес, оның салдарын азайтуға және мінез-құлықты қауіпсіз әдетке өзгертуге бағытталған тәсіл.
«Зиянды азайту тұжырымдамасының құралы – зияны аз баламаға ауысу. Никотинге тәуелділік туралы айтатын болсақ, темекі шегуден бас тарту алтын стандарт болып есептеледі. Бірақ егер адам бас тартуға дайын емес болса, немесе мүмкіндігі жоқ болса, мұндай жағдайда түтін шығармайтын, қыздырылмайтын, ағзаға никотин ғана түсетін қауіпсіз балама орнықты шешім болады. Алкогольге тәуелділікпен біз алкогольсіз өнімдерге ауысу және алкогольді тұтынудың жалпы мөлшерін азайту арқылы күресуді ұсынамыз. Артық дене салмағымен күресу кезінде біз қантты, құрамында қаныққан майы бар өнімдерді тұтынуды азайтуға, жасанды май, тұзды тұтынуды болдырмауға және дене белсенділігін күнделікті өмірге енгізуге кеңес береміз», — деп атап өтті дәрігер және «Денсаулық ұлттық қауымдастығы» ЗТБ төрағасының орынбасары қазақстандық сарапшы Гинтаутас-Юозас Кентра.
Тәжірибе көрсетіп отырғандай, зиянды азайту – жұқпалы емес аурулармен күресудің тиімді құралы.
«Зиянды азайту – жұқпалы емес аурулармен дәстүрлі күрестің жетіспейтін элементі. Бүгінгі таңда жаман әдеттермен күресудің жаңа әдістерін енгізіп жатқан барлық елге ең басты әрі маңызды міндет – зиян салдарды азайтуға және әр адамның денсаулығын сақтауға бағытталған тәсілге деген сенімсіздікті жеңу», — деп қосты Бақыт Түменова.