19 мыңнан астам қызметкері бар «Қазхром» ТҰК» АҚ жаңа ұжымдық шартқа қол қойылды
Ұжымдық шарт Eurasian Resources Group (ERG) құрамындағы «Қазхром» ТҰК» АҚ жетекшілігі мен біріккен кәсіподақ төрағасы арасында жасалды. Жаңартылған құжат бұрынғы әлеуметтік және еңбек кепілдіктерін және қызметкерлерге арналған жеңілдіктерді сақтап қана қоймай, сондай-ақ компания жұмысшыларына қосымша артықшылық беретін жаңа тармақтармен толыққан.
2016 жылдан бері қолданыста болған «Қазхром» ТҰК» АҚ ұжымдық шарты Қазақстанда үздіктердің бірі болып саналды. 2018 жылы Қазхром шарты үздік деп танылып, «Парыз» республикалық байқауының қорытындысы бойынша жоғары марапат алды.
Ұжымдық шартқа сәйкес, қызметкерлер заңмен кепілдендірілген құқықтар пен жеңілдіктерден бөлек, тегін медициналық қызмет, оқу кезінде өтемақы, емделуге пайызсыз несие, шипажай мен демалыс базаларына, балалар сауықтыру лагерьлеріне жеңілдікпен жолдама және басқа да жеңілдіктер алуға құқылы.
– Бұл компанияның барлық филиалдарына маңызды оқиға, себебі ұжымдық шарт компания қызметкерлерінің ертеңгі күнге сенімін арттырады, — деді «Қазхром» ТҰК» АҚ Бас директоры Сергей Прокопьев. – Әлемдегі геосаяси жағдайға байланысты қалыптасқан күрделі мәселелерге қарамастан, қызметкерлерімізді қолдау мен әлеуметтік қорғау шаралары кеміген жоқ, керісінше, кеңейді. Қызметкерлер жұмысқа қаншалықты ынталы болса, компания табысы да сонша жоғары болатынын жақсы түсінеміз. Ауқымды жұмыс атқарған комиссияға алғысым шексіз.
Құжаттың жаңа редакциясында жаңартылған Еңбек Кодексіндегі барлық талаптар мен заңнамадағы өзгерістер ескерілген. Жаңашылдықтың бірі – барлық төлемдер ақшалай балама түрінде емес, айлық есептік көрсеткіш (АЕК) күйінде көрсетілген, бұл жыл сайын төлемдердің көлемін арттыруға мүмкіндік береді. Компания жетекшілері вахталық әдіспен жұмыс істейтін қызметкерлердің өтемақылары қайта қараған. Үздіксіз жұмыс өтілін айқындайтын тәсіл анықталды. Сонымен қатар баланың дүниеге келуіне байланысты 20 АЭК көлемінде бір реттік материалдық көмек берілетін болады. Бұдан бөлек, енді «Қазхромда» үш кәсіби мереке тойланбақ – Металлургтер күні, Шахтерлар күні және Энергетиктер күні.
– Ұжымдық шарт – қызметкерлерді әлеуметтік қорғаудың ең маңызды құралы. Бұл құжаттың бұрын-соңды болмаған жаңа төлемдермен және жеңілдіктермен толыққанына қуанып отырмын. Жұмысшыларға пайдасы тиетіндей жақсы құжат болып шықты, — дейді «Қазхром» ТҰК» АҚ біріккен кәсіподақ комитетінің төрағасы Әбілқайыр Сотқаров.