Елордада «НОВЫЙ ТЕАТР» Халықаралық театр форумы ашылды

«НОВЫЙ ТЕАТР» Халықаралық театр форумы елордалық М. Горький ат. мемлекеттік академиялық орыс драма театрында ашылды.

26-28 қазан аралығында қазақстандық театрлардың актерлері мен режиссерлері – форумға қатысушылар үшін сахналық сөйлеу (педагог Дмитрий Кошмин, Санкт-Петербург қ., РФ), семсерлесу, (педагог ҚР Еңбек сіңірген қайраткері Сергей Матвеев, Астана қ., ҚР), режиссура және актерлік шеберлік (педагог Рача Махатаев, г. Астана, ҚР) бойынша мастер-класстар ұйымдастырылады.

Форум жұмысына театр сыншылары, атап айтқанда өнертану кандидаты Сания Қабдиева (Алматы қ., ҚР) және Антон Алексеев (Санкт-Петербург қ., ҚР) қатысады, олар «Қазақстан театрларындағы заманауи үрдістер» тақырыбында дәріс оқып, көрермендермен МАОДТ премьералық спектакльдерін талқылайды.

Айта кетейік, Астана қаласы әкімдігінің Мәдениет басқармасының қолдауымен ұйымдастырылған ауқымды іс-шара өткізілетін күндері бірнеше спектакльдің премьералық көрсетілімдері өтеді.

Бұл қойылымдар күрделі жөндеуден өткен театр ғимаратында 123-театр маусымының ашылуына арнайы дайындалды.

  • 26 қазан 19:00 А. Чехов «Вишневый сад», комедия, реж. Р. Махатаев;
  • 27 қазан 19:00 «Конец лета», трагикомедия, Т.Леттстің «Август: графство Осейдж» шығармасының негізінде, реж. А. Троянова;
  • 28 қазан 18:00 Э. Ростан «Сирано де Бержерак», романтикалық драма, реж. С. Федотов.