21 университеттің студенттері «ЖАС ҒАЛЫМ — VІ» конференциясына қатысты
Қазақстандағы ғылым күніне және академик Қаныш Сәтбаевтың туғанына 125 жыл толуына орай, 12 сәуірде Назарбаев университетінде «ЖАС ҒАЛЫМ — VІ» студенттерінің жыл сайынғы республикалық ғылыми конференциясы өтті.
Nazarbayev University Қазақ тілі және түркология кафедрасы мен Қазақ тілі оқытушыларының халықаралық қоғамдық қоры ұйымдастырған конференция алтыншы рет өтуде. Жыл сайын оның қатысушылар саны артып келеді. Биылғы жылы конференцияға Қазақстанның 21 жоғары оқу орнынан 70-тен астам студент қатысты, оның ішінде Ахмет Байтұрсынов ат. Қостанай өңірлік университеті, SDU University, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университеті, Абай ат. Қазақ ҰПУ, Букетов ат. ҚарМУ, Maqsut Narikbayev University (KAZGUU) және басқалар.
“Назарбаев университетіне Жас Ғалым конференциясына шақырылғанымызды өте қуаныштымыз. Конференцияның басы өте керемет басталды, баяндамалары өте қызықты болды, өте танымды болды. Бүгін айтылған филология бағытындағы ғалымдарымыздың керемет ойлары, пікірлері, идеялары біз үшін құнды. Сондықтан сол идеяларын жалпы заң мәтінмен байланыстырып бірігіп зерттесек деген ниетпен келдік. Бұл конференция қарым-қатынас орнатуға арналған ықпалды алаң болып табылады, ол үшін Назарбаев Университетінің Қазақ тілі және туркология кафедрасына көп рахмет”, — деді ҚР Бас прокуратура жанындағы құқық органдарының академиясының әлеуметтік пәндеренің кафердасының доценті Бауыржан Есімсейітов.
Конференцияны шақырылған спикерлер Танат Аяпова, филология ғылымдарының докторы, Абай атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессоры, Молдияр Еркебеков, Ахмет Ясауи атындағы Түркістан мемлекеттік техникалық университетінің журналистика кафедрасының доценті, және Азамат Ешмұхамбетов, Робототехника саласында докторы, Назарбаев Университетінің ғылыми қызметкері ашты.
Конференцияда Қазақстанның 21 жоғары оқу орнынан 70 студент қатысты. Бес параллель пленарлық сессияда студенттер әртүрлі тақырыптар бойынша 20 минуттық баяндамалар жасаған, соның ішінде:
- Деколонизация және қазақ киносы;
- XXI ғасыр прозасындағы әйел образы;
- Қазақстан медиакеңістігіндегі дін мәселесі;
- Отбасындағы зорлық-зомбылық және алдын алу жолдары: шетелдік тәжірибе;
- Түркістанда оқиғалы туризм саласын дамыту;
- Мүшел жас жайында не білеміз (көшпенділердің ауызша күнтізбесі)
Конференция мақсаты — студенттердің қазақ тілінде академиялық ғылыми ізденістер жүргізу дағдыларын қалыптастыру және дамыту, жастар арасында қазақ тілінің мәртебесін арттыру, қоғамның өзекті мәселелерін зерттеу арқылы жастардың бойында тұлғалық белсенділігін дамыту, еліміздің ЖОО студенттері арасында интеграциялық қарым-қатынасты дамыту. Соңында қатысушылар сертификаттар, алғыс хаттар және естелік сыйлықтар алды.