Алматыда WULOP-2023 әлем чемпионатының жартылай финалы өтті

28 және 29 маусымда Алматыда бұрын-соңды болмаған ерекше шара PMU халықаралық лигасының қатысуымен WULOP -2023 әлем чемпионатының жартылай финалы өтті. Еліміздің барлық облыстары мен көршілес елдерден келген 100 қатысушы бақтарын сынап, әлемдік жарысқа жол тартты.

WULOP-Kazakhstan командасының ұйымдастырушысы және жетекшісі – PM-эксперт шебері, халықаралық жаттықтырушы, Таллин қаласында өткен PM New Wave International Shampionship 2018 Еуропа чемпионы, көптеген әлем чемпионаттарының төрешісі, Ресейде, Ұлыбритания, Италия, Испания, Мексика, Польша, Голландия, Австрия, Қазақстанда өткен дүниежүзілік конгресстердің спикері Әсия Жоламанова.

Чемпионаттың финалы осы жылдың күзінде Түркияның Анталия қаласында өтеді, оған Швейцария, Израиль, Армения, Польша, Англия, Франция, Испания, Германия, Ресей, Сербия, Түркия, Беларусь, Иран, Латвия, Эстония, Румыния, Қазақстан секілді 62 елден 1500-ден астам адам қатысады. Алматыда өткен жарыста жеңіске жеткен бес шебер әлемдік додаға қатысады,

Чемпионат дәстүрлі түрде қатысушы елдердегі іріктеу жартылай финалы және халықаралық аренадағы қорытынды өнер көрсету секілді екі кезеңнен тұрады. WULOP (World Universal League of Permanent Make-up) ауқымы нағыз Олимпиада ойындарынан кем түспейді, Тек үздіктер жиналатын жарыста ең мықтылар жеңіске жетеді.

WULOP-2023 әлем чемпионатының жартылай финалының жеңімпаздары әлемдік сұлулық аренасында Қазақстанды лайықты түрде көрсете алатынына сеніміміз мол.