Баскетболдан Қазақстаның 16 жасқа дейінгі құрамасы Азия Кубогіне жолдама алды
![](https://nazarmedia.kz/wp-content/uploads/2023/06/photo_5256021329071688737_y.jpg)
Баскетболдан Қазақстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдер құрамасы Самарқан (Өзбекстан) қаласында өткен CABA іріктеу турнирінде жеңіске жетіп, Азия Кубогіне жолдама алды. Қазақстан жасөспірімдері әуелі Қырғызстан жасөспірімдер құрамасын 97-42 есебімен жеңсе, шешуші ойында Өзбекстанның 16 жасқа дейінгі жасөспірімдерінен 91-47 (32-13, 20-16, 24-8, 15-10) есебімен басым түсті.
Қазақстан U16 құрамасы CABA аймағына берілген жалғыз жоламаға ие болды. Азия кубогінің финалдық кезеңі 17-24 қыркүйек аралығында Доха (Катар) қаласында өтеді.
Турнир нәтижелері:
1 орын: Қазақстан U 16
2 орын: Өзбекстан U 16
3 орын: Қырғызстан U 16
Сондай-ақ жеңімпаз командалар арасынан үздік ойыншылар анықталды:
Әлішер Мұратұлы — Қазақстан U 16
Амир Рустамов — Қырғызстан U 16
Гулбани Зураб – Өзбекстан U 16
Қазақстанның чемпиондық құрамы:
- Мұратулы Алишер
- Барабаш Иван
- Әділбек Нұрмұхамед
- Әубәкіров Санжар
- Джарекеев Ислам
- Талғатов Арсен
- Дорошин Алексей
- Пестов Илья
- Сұлтан Бейбарыс
- Ремезов Иван
- Соннов Павел
- Исабаев Марлен
Спортты қолдау «Sport Qory» Ұлттық баскетбол федерациясының ресми серіктесі болып табылады.