Halyk-тың «Сыйлықтар марафоны» акциясындағы жеңімпаздың керемет оқиғасы

Алматы қаласында Halyk-тың ауқымды «Сыйлықтар марафоны» акциясы аясында алғашқы автокөлік табысталды. Жаңа Hyundai Tucson көлігінің бақытты иесі — Щучинск қаласының тұрғыны Виктор Строколис. Ол жай ғана душ кабинасын бөліп төлеуге рәсімдеген, ал күтпеген жерден байқауға қатысушы атанып, жеңімпаз болып шықты.

«Әлі күнге дейін бұл шындық екеніне сене алар емеспін! Бұған дейін ешқашан ештеңе ұтқан емеспін… Ал бұл жолы — тұп-тура көлік! Алғаш банк қызметкерлері хабарласып, құттықтағанда сенбей қалдым. Тағы да алаяқтар шығар деп ойладым. Бірақ Halyk қызметкерлері табанды болды. Бірнеше рет қоңырау шалып, тіпті арнайы келіп құттықтады. Сол кезде ғана бұл рас екенін түсіндім. Осындай мүмкіндік үшін Halyk-қа үлкен рақмет! Бұл — күтпеген әрі керемет сыйлық. Баршаңызға денсаулық, бақыт және алдағы ұтыстарда сәттілік тілеймін», — деп бөлісті өз қуанышымен жеңімпаз.

Виктор Фёдоровичтің айтуынша, ол жай ғана қажет затты Halyk қосымшасы арқылы бөліп төлеуге рәсімдеген. Осылайша автоматты түрде акцияға қатысушы атанған.

Естеріңізге сала кетейік, «Halyk-тың Сыйлықтар марафоны» акциясы әлі де жалғасуда!
2025 жылғы 2 маусым мен 14 желтоқсан аралығында Halyk-тың кез келген несие өнімін рәсімдеген әрбір клиент автоматты түрде байқауға қатысушы болады.

Апта сайын ойнатылады:

  • 100 000 Halyk бонусынан тұратын 10 сертификат

  • 2 дана iPhone 16 Pro

  • 2 000 000 теңгелік туристік сертификат

Ай сайынғы суперсыйлық — Hyundai Tucson автокөлігі!

Акцияға кез келген уақытта қосылуға болады. Толық ақпарат Halyk қосымшасында, ресми сайтта және halykbank.kz әлеуметтік желілеріндегі ресми парақшаларда қолжетімді.

Виктордың жеңісі — сәттіліктің кез келген сәтте келе алатынының жарқын дәлелі. Алда — жүздеген мүмкіндік! Сыйлықтар марафонына қатысыңыз, мүмкін келесі көлік дәл сіздің есігіңіздің алдына келіп тоқтайды!