Ақмола облысының оқушыларына жаңа оқу жылының қарсаңында сыйлық ретінде компьютерлік техника мен кеңсе тауарлары жинағы табысталды

Жаңа оқу жылы қарсаңында «Плюс бір» қоры Первомайка ауылындағы 28 балаға барлығы моно блоктар мен кеңсе тауарларын сыйға тартты. Шара №1 орта мектеп аумағында өтті. Қордың жобасы екінші жыл қатарынан ұйымдастырылды. Басты мақсаты – Қазақстандағы мұқтаж балаларды оқуға арналған гаджеттермен қамтамасыз ету. Биыл шараға атақты блогер Евгений Абу-Зейд қатысты. Ол мектеп оқушыларын білім алуды жеңілдететін және жаңа мүмкіндіктерге жол ашатын құрал-жабдықтарды табыстады.
Бұл бастамаға Fix Price дүкендер желісі қосылды. Компания балалардың оқу жылын қуанышпен бастауы үшін сабақты сәтті бастау үшін қажеттінің бәрі бар, яғни дәптерлер, қарындаштар, фломастер, көркемсурет құралдары және басқа да пайдалы заттардан құралған кеңсе тауарлары жиынтығын дайындады.
«Біз осындай шараға қатысқанымызға өте қуаныштымыз. Барлық балаларға оқу жылының сәтті өтуін, өздеріне сенулерін және кез келген мақсатқа жетуге болатынын тілеймін!», – деп Fix Price Kazakhstan директоры Алексей Ермаков атап өтті.

Қор IT мамандарынан, белсенділерден және компаниялардан құрал-жабдықтарды жинап, оған екінші өмір сыйлайды. Барлық техникаға диагностика, жөндеу жұмыстарын жүргізеді, оқу бағдарламаларын жүктейді және қосымша гарнитурамен жабдықтайды. Содан кейін команда мектептермен байланысып, салтанатты түрде табыстауды ұйымдастырады.
“Бізге келген жандар өздерінің жабдықтарын бергенде, олар балалармен табысының бір бөлігін бөлісетініне сенеміз. Жоба өмір сүрген екі жыл ішінде біз 588 ноутбук сыйға тарттық. Бұл тек бастамасы ғана! Әрбір құрылғы балаға үй тапсырмасын дайындау, қосымша ақпарат іздеу және олимпиадаларға қатысу секілді жаңа мүмкіндіктер ашады. Сондай-ақ, біз көптеген жанжардың біздің игі бастамамызға ат салысып, болашақта біздің компанияның өзгеруіне бастамашы болып жатқанын көруге қуаныштымыз. Біз бірлесе отырып, балалардың өмірін одан әрі жақсартуға бар күшімізді саламыз», – деді қор төрайымы Динара Шәжімбаева.
Жобаға кез келген адам қатыса алады. Ол үшін веб-сайттағы форманы толтыру жеткілікті. Жұмыс істейтін гаджеттер де, жөндеуді қажет ететіндер де жарамды. Ал қор мамандары жабдықты жөндеп, ақауларды жояды. Сондықтан екі жағдайда да балалар оқуы үшін тек жоғары сапалы құрылғы алады.



