Бас консул Сэвидж және азаматтық қоғам өкілдері IWOC сыйлығының иегері Бақытжан Төреғожинаға құрмет көрсетті
Наурызда өтетін Әйелдер тарихы айы соңына таяған тұста АҚШ-тың Алматыдағы Бас консулы Кэролайн Сэвидж АҚШ Мемлекеттік департаментінің 2023 жылғы Халықаралық батыл әйелдер сыйлығының иегері, құқық қорғаушы Бақытжан Төреғожинаның құрметіне дипломатиялық қабылдау өткізді.
8 наурыз Халықаралық әйелдер күні Төреғожина ханыммен бірге әлемнің түкпір-түкпірінен келген он әйелге Вашингтондағы Ақ үйде құрмет көрсетіліп, оларға АҚШ-тың бірінші ханымы доктор Джилл Байден мен Мемлекеттік хатшы Энтони Блинкен сыйлықтарын тапсырды. Ол әйелдер көп жағдайда жеке басына қауіп төнетініне қарамастан, өз істерінде батылдық пен табандылық танытқаны үшін, өз істеріне адал болғаны үшін марапатталды.
«Бұл марапат Төреғожина ханымды көптен бері күтті. Ол — 25 жыл бойы азаматтық белсенділік жұмысын аса батылдықпен атқарып келді. Осы уақытта ол адамның басты құқықтарын қорғау үшін аянбай күресті. Төреғожина ханымға тағзым ете отырып, біз оның командасындағы мықты мамандарға және адам құқықтары үшін күресіп, бүкіл әлемде бейбітшілік, әділдік және гендерлік теңдікке жол ашып жүрген әрбір адамға құрмет көрсеткіміз келеді», — деді Бас консул Сэвидж.
Америка Құрама Штаттары адам құқықтарын адамзаттың ең жоғары құндылығы ретінде бүкіл әлем бойынша қорғап келеді, және қазақстандық серіктестермен бірлестікте бұдан да гүлденген, демократиясы дамыған, инклюзивті әлемге жетудегі жұмысына адал боп қала береді.