VIII «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының халықаралық байқауы өтеді

А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесінде 2023 жылдың 4 сәуірі мен 10 сәуірі аралығында VIII «Өрлеу» хореографиялық оқу орындарының халықаралық байқауы өтеді.
Хореографиялық оқу орындарының VIII «Өрлеу» халықаралық байқауы әлемнің жетекші балет мектептері арасындағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту және нығайту мақсатында 2008 жылы құрылған.
Содан бері байқаудың негізгі мақсаты хореографиялық оқу орындары арасында кеңінен тәжірибе алмасуды жүзеге асыру, хореографиялық өнер саласындағы жас дарындарды анықтау, орындаушылық шеберліктерін арттыру, классикалық, халықтық және заманауи билердің озық дәстүрлерін дамыту, хореографиялық өнер саласындағы жас таланттарды анықтау, сондай-ақ Қазақстан хореографиялық білімі мен өнерінің әлемдік аренадағы имиджін ілгерілету және бәсекеге қабілеттілігін арттыру болып табылады.

2018 жылы байқау ЮНЕСКО демеушілігімен Халықаралық балет байқаулары федерациясының мүшесі мәртебесін алды, оның президенті аты аңызға айналған Юрий Григорович.
Байқауда әрқашан көп қатысушылар жиналып (150-ден астам), осы уақытқа дейін кең географиялық қамтуды көрсетті. Биылғы жылы біз Қырғызстан, Өзбекстан, Ресей, Оңтүстік Корея және т. б. қатысушыларды күтілуде.

Байқаудың хореографиялық білім беру саласында маңызды дидактикалық миссиясы бар. Ұйымдастырушылар байқаудың әрбір жаңа маусымын Қазақстанның хореография өнерінің көрнекті қайраткерлеріне арнайды. Сонымен, хореографиялық оқу орындарының «Өрлеу» халықаралық байқауының VIII маусымы қазақтың тұңғыш кәсіби балеринасы, Қазақ КСР халық әртісі Сара Ыдырысқызы Көшербаеваның 90 жылдығына арналады. Сонымен қатар, «Қазақ хореографиялық өнері мен
білімінің көрнекті қайраткерлері» және «Ұлттық хореографиялық өнер мен білімнің өзекті мәселелері» тақырыптарында «Селезнев оқулары» атты халықаралық ғылыми-зерттеу конференциясы өтеді, онда 2023 жылы мерейтойлары атап өтілетін балет қайраткерлері Д. Т. Әбіров (100 жас) және Б. Г. Аюханов (85 жас) шығармашылықтары қарастырылады.

Конференцияның «Қазақ, қырғыз, өзбек билері мысалында түркі халықтарының халық билерінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары» тақырыбындағы тәжірибелік бөлімі Алматы, Өзбек және Бішкек хореографиялық училищелерінің оқытушыларының қатысуымен өтеді.

Байқау аясында Қазақстанның және шетелдің хореографиялық өнерінің жетекші мамандарының шеберлік сабақтары мен семинарлары өтеді. Оның ішінде Францияның «Ruée des Arts» би тобының «Costard» спектаклінің қойылымы мен заманауи хореография бойынша шеберлік сыныбы жоспарлануда.

Айта кетерлігі, байқаудың тарихында алғаш рет финалдық турлар, сонымен қатар гала-концерт жаңа Almaty Theatre сахнасында
көрермендердің қатысуымен өтеді. Бұл өз кезегінде ұйымдастырушыларға жеке «халық таңдауы сыйлығын» белгілеуге мүмкіндік береді. Байқау күндері Almaty Theatre сахнасында байқау жеңімпаздарының салтанатты гала-концертімен аяқталады.

Негізін қалаушылар: А. Селезнев атындағы Алматы хореографиялық училищесі, Евразиялық мәдениет Қоры
Бас демеуші: Балет және ұлттық биді дамыту және қолдау Қоры
Демеушілер: PetroKazakhstan, Lancaster Group, Almaty Theatre, Alliance Française Almaty, Bior Alem, Almaty Hotel.