Қазақстанда отандық геологиялық барлау саласына айрықша маңызды нысан ERG GeoHub ашылды
Керн материалдарын тіліп, сипаттап, сақтауға арналған жаңа геологиялық кешен ERG GeoHub-тің жалпы құны – 320 млн теңге. Нысанның ашылу салтанатына ҚР ИжИДМ Геология комитетінің төрағасы Ерлан Ақбаров, Еуразиялық Топ Бас директорының жобалар және даму жөніндегі орынбасары Ардақ Нұразханов, ірі тау-кен және геологиялық барлау компанияларының жетекшілері қатысты.
ERG GeoHub дегеніміз не және оның не керегі бар?
ERG GeoHub алаңының басым бөлігі – керн қоймасы. Геологиялық барлау барысында алынатын бастапқы зерттеу материалдары осында тілініп, зерттелеп, жіктеліп, осында сақталады. Керн материалдары немесе керн – зерттеу үшін жер қойнауынан алынатын қыртыстың, тілімнің сынамасы.
Геологиялық барлаудың әлемдік стандарттары – керн қоймасы немесе осындай нысанның болуын міндеттейді. Геологиялық барлау жұмыстары 6 дан 11 жылға дейін ұласуы мүмкін болғандықтан, керн қоймасы осы сынаманың сақталуын, кен орнының қорын есептеу барысында құрамында металдардың бар-жоғын растау үшін қажет. ERG-дің геологиялық барлау қызметін дамытуды көздеген ауқымды бағдарламасы аясында Қостанай мен Ақтөбе облыстарында осындай бірнеше керн қоймасын салу көзделген. Қазақстандағы өзге керн қоймаларынан ерекшелігі Қостанайдағы ERG GeoHub құжатнамалық – автоматтандырылған деректер қоры, соның ішінде мультимедиалық сүйемелдеуді де қамтиды. Керн осы жерде тілініп, бір бөлігі зертханалық ғылыми зерттеуге жолданады. Оған қажетті жабдықтар мен нысандар халықаралық стандарттарға (CRIRSCO, JORC) сәйкес іріктеліп, заман талабына сай қауіпсіздік ережелерін мұқият сақтай отырып жарақталды.
– Жеке ERG GeoHub керн қоймасының болуы бізге керн материалдарын жүйелі де сенімді жерде сақтап, қажет болған жағдайда қосымша зерттеу жұмыстарын жүргізіп, кез келген сыртқы немесе ішкі аудитке тиісті геологиялық ақпаратты растай алу үшін қажет, — дейді «ERG Exploration» ЖШС Бас директоры Азамат Шалабаев. – Бұл геологиялық барлау жұмыстарын жүргізудің озық әлемдік стандарттарына сай жұмыс істеп, қызмет тиімділігін арттыруға сеп. Сәйкесінше, жалпы ERG тобының тиімділігін нығайтуға ықпал етеді.
ERG GeoHub керннің шамамен 100 000 есепті метрін сақтауға мүмкіндік берді. Ғимарат ішінде жедел тілуге арналған заманауи автоматтандырылған шапшаң керн тілу жабдығы орнатылып, қол еңбегі мен процестің қоршаған ортаға әсерін барынша азайтты. Кернді құжатқа енгізу үшін арнайы автоматтандырылған құжаттауыш үстелдер бар.
acQuire бағдарламасы арқылы сынама электронды түрде есепке алынады.
Керн қоймасын салып, жабдықтауға компания шамамен 320 млн теңге инвестиция құйған.
ALS халықаралық зертханалар желісімен бірлесе отырып, Рудныйда сынама дайындау цехы іске қосылды. Нәтижесінде ол ERG Exploration-ның барлық сынама дайындау жұмыстарын жедел әрі QA/QC сапаны қадағалау талаптарын толық сақтай отырып, іс асыруына сеп болады деп жоспарланған.
ERG Exploration деген не?
Бұл Топтың минералды шикізат қорын толықтырып, кеңейте түсу үшін 2021 жылы арнайы құрылған Eurasian Resources Group-тің жеке геологиялық барлау компаниясы. ERG Exploration жобалау, ұңғыма қазудан бастап, кен орнын модельдеуге дейінгі, жазықтардағы және геофизикалық жұмыстарды атқару, KAZRC, JORC сынды халықаралық стандарттарға сай есептер даярлайтын құзірет орталығын қалыптастырады. Стратегиялық міндет пайдалы қазба – боксит, хром, марганец пен өзге де басым бағытты металдардың кен орындарын іздеп, зерттеу. Қазіргі таңда жоғары білікті мамандар құрамы жасақталып, Топтағы геологиялық барлау активтері мен өзге де болжамды барлау жоспарларын әзірлеуге бел шеше кіріскен.
Жүктелген барлық міндеттерді атқару үшін ERG Exploration инновациялық технологияларды: қашықтан жерді зондтау, тың технологияларға негізделген заманауи геофизикалық, геохимиялық зерттеулер, бұрғылау жұмыстарының соны әдістерін кеңінен қолдануды жоспарлап отыр. Бұған қоса, болашағы зор геологиялық барлау нысандарын іздеуге жасанды интеллект пен өзге де құралдарды молынан пайдалану көзделген.
ERG Exploration осымен екінші жыл қатарынан барлау жұмыстарын өз күшімен атқарып келеді. Компания Рудный мен Хромтау қалаларында өндірістік база қалыптастырған. Халықаралық озық өндірушілердің тиімділігі жоғары бұрғылау жабдықтарымен жарақталған. Компанияның бұрғылау паркінде қосалқы техника, тұрғын жайлар, асхана вагондары мен ұңғымаларда геофизикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге қажетті жарақтардың толық кешені бар. 2022 жылы кәсіпорын өз күшімен 21 мың есепті метр бұрғылады. Алдағы уақытта бұл көрсеткішті жылына 100 мың есепті метрге дейін ұлғайту көзделген. Осыған орай, компания стратегиясы бұрғылау қондырғыларының санын да 10-ға жеткізуді көздейді.