Битрикс24 Қазақстан зерттеуі: Мерекелер және қазақстандықтардың өнімділігі

Мереке қарсаңы қазақстандық қызметкерлерге әсер ететіні жасырын емес. Бұл «Наурыз мерекесінен кейін кел, мейрамнан соң бастаймыз» сияқты көптеген әзілдер мен стереотиптердің қайнар көзіне айналса, Жаңа жыл үнемі қорытындылаумен, болашақты жоспарлаумен және жаңа мақсаттар құрумен байланысты.

Бағдарламалық қамтамасыз етудің жетекші әзірлеушісі – Битрикс24 Қазақстан компаниясы шағын зерттеу жүргізіп, мерекелер қазақстандықтардың жұмыс көңіл-күйіне қалай әсер етеді және компаниялар өнімділікті қалай ұстап тұратындығын білді.

Көпмәдениетті елімізде жыл бойы мерекелердің алуан түрі болады. Наурыз, Жаңа жыл, ұлттық немесе рухани мейрамдар, мұның бәрі корпоративтік қызметкерлерге күш-қуатын қалпына келтіруге, қорытындылауға және өз энергиясын қайта реттеуге мүмкіндік беретін сәттер.

Уақытында үлгеруге, міндеттерге, тапсырмаларға және стресске толы динамикалық бизнес әлемінде Мерекелер күш, үйлесімділік пен ішкі тепе-теңдікті қалпына келтіру үшін демалысқа айналады. Дегенмен бәрі тыныш демалып жатыр ма әлде қалай деген заңды сауал туындайды.

Сауалнамаға сәйкес, респонденттердің 54%-ы мереке күндері толық демалуға болатынын айтты, алайда 37%-ы демалыстары жұмыс жүктемесі мен жағдайларға байланысты екенін атап өтті. Бұл демалыс алдындағы тапсырмаларды дұрыс жоспарлау жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтауда шешуші рөл атқаратынын көрсетеді.

Мерекелік көңіл-күй көптеген адамдардың өнімділігіне айтарлықтай әсер етеді. Мәліметтерге сәйкес, респонденттердің 60%-ы оң нәтиже беретіндігін айтқан.

Бұл мерекеге дейін аса маңызды жобаларды аяқтауға деген ұмтылысқа байланысты болуы мүмкін. Сауалнамаға қатысқандардың 48%-ы мұны тыныш демалу үшін қажет деп санайды. Ал 33%-ы бұл тәсілдің пайдалылығын мойындайды, бірақ оның күрделілігін атап өтеді. Сонымен қатар, 15%-ы мерекеден кейінгі кезеңге ауыстырудан қорқынышты ештеңе көрмейді. Тағы 4%-ы мереке алдында “барлық істі аяқтау” стресс пен шамадан тыс жүкте  деп санайды.

Мерекелік демалыстардың қызметкерлердің өнімділігіне әсерін зерттеген Vorecol талдауы жұмыс процестері үшін мерекелердің пайдасын анықтаған. Демалыс, жұмыс пен өмір арасындағы тепе-теңдік мәдениетін қалыптастыратын компаниялар шығармашылықтың жоғарылауын және кадр ауысымының төмендеуін атап өтеді.

Респонденттер тапсырмалардың жиналуын болдырмау үшін мереке алдында жұмыс процесін қалай ұйымдастырады? Битрикс24 сауалнамасына сәйкес, адамдардың көпшілігі (53%) барлық тапсырмалардың тізімін алдын-ала жазып, жүктемені біркелкі бөлу үшін оларды күндерге бөлуді жөн көреді. Бұл тәсіл хаосты болдырмауға және уақытты тиімді басқаруға көмектеседі. Қатысушылардың 11%-ы тапсырмалардың бір бөлігін әріптестеріне беруді таңдайды, бұл жеке жүктемені азайтуға және басым міндеттерге назар аударуға мүмкіндік береді. Тағы 24%-ы ең маңызды жобаларды ғана аяқтауға тырысады, шұғыл емесін кейінге қалдырады. Қалған 12%-ы мереке қарсаңында өздерін шамадан тыс жүктемеу үшін кейбір тапсырмаларды мерекеден кейін жасауды жөн көреді.

Битрикс24 Қазақстан жүргізген шағын зерттеу мерекелердің қазақстандықтардың өмірінде маңызды рөл атқаратынын және олардың өнімділігіне әрі оң, әрі екіұшты әсер ететінін көрсетті. Респонденттердің көпшілігі мерекелер күш-қуатты қалпына келтіруге және атқарылған жұмыстарды қорытындылауға көмектесетінін атап өтті. Алайда мереке алдындағы міндеттерді дұрыс жоспарлау жұмыс пен демалыс арасындағы тепе-теңдікті сақтаудың негізгі факторына айналады.

Мерекелердің оң әсері маңызды жобаларды олардың басталуына дейін аяқтауға деген ұмтылыспен байланысты, бұл өнімділіктің артуына ықпал етеді. Дегенмен, қызметкерлердің бір бөлігі шамадан тыс жүктеме мен стресс салдарынан қиындықтарға тап болатынын да атап өткен. Демалыс пен жұмыс арасындағы теңгерімді қолдайтын ірі компаниялардың тәжірибесі шығармашылық деңгейдің артуын және кадр тұрақсыздығының төмендеуін көрсетеді.

Мұндай жағдайда міндеттерді тиімді бөлуге, басымдықтар мен мерзімдерді нақтылауға мүмкіндік беретін Битрикс24 міндеттер құралы көмектесе алады. Оның көмегімен қызметкерлер мереке алдында шамадан тыс жүктеме мен ретсіздікті болдырмай, жұмыстарын алдын ала жоспарлайды. Құрал жұмыс процесін ұйымдастырумен қатар, жұмыс пен жеке өмір арасындағы тепе-теңдікті сақтауға да ықпал етеді. Бұл әсіресе отбасылық мерекелер менталитеттің ажырамас бөлігі саналатын Қазақстан сияқты елдер үшін аса маңызды.

Сауалнама 2026 жылдың ақпан айында Яндекс.Взгляд онлайн-платформасының респонденттері арасында жүргізілді.