Air Astana 2025 жылғы нәтижелерін жариялады

Air Astana 2025 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған төртінші тоқсан мен толық жылдың қорытындыларын жариялады. 2025 жылдың негізгі көрсеткіштерінің қатарында – Pratt & Whitney қозғалтқыштарына байланысты жоспардан тыс техникалық жұмыстардың рентабельділікке әсеріне қарамастан, түсім мен тасымалдық сыйымдылықтың сенімді өсімімен қатар тұрақты нәтижелердің көрсетілуі, сондай-ақ маржаға қысымға қарамастан EBITDAR көрсеткішінің тұрақты деңгейде сақталуы бар.
Топ бойынша тасымалданған жолаушылар саны 7,9%-ға өсіп, 9,7 млн адамды құрады, ал орташа жүктемелік коэффициент 82,7% деңгейінде тұрақты сақталды. Жалпы табыс пен өзге де кірістер 11,4%-ға өсіп, 1 453,9 млн АҚШ долларын құрады, EBITDAR 0,8%-ға өсіп, 321,2 млн АҚШ долларына жетті. Топтың әуе паркі 62 әуе кемесіне дейін ұлғайды.
Топ сұранысқа сәйкес маршруттық желіні оңтайландыруды және сыйымдылықты тиімді үйлестіруді жалғастырды. 2025 жылы Қытай мен Үндістанның ірі нарықтарын, Оңтүстік-Шығыс Азияны, Парсы шығанағы елдерін, маусымдық бағыттар мен Алматы–Франкфурт бағытын қоса алғанда, барлығы 25 жаңа бағыт ашылды.

2025 жылы Air Astana борттық ойын-сауық жүйесін де жаңартып, қолжетімді контент пен функционал мүмкіндіктерін кеңейтті. Жаңартылған жүйе жыл басында іске қосылған жаңа мобильді қосымшамен толық біріктірілді. Соның арқасында жолаушылар фильмдер мен басқа да борттық ойын-сауық контентін өздерінің жеке құрылғылары арқылы көре алады, сондай-ақ кіріктірілген хабарламалар бөліміне қол жеткізе алады.
Баспасөз хабарламаның толық мәтіні.
Компания басшылығы бүгін, 2026 жылғы 13 наурыз күні, сағат 14:00-те төртінші тоқсан мен 2025 жылдың қорытынды нәтижелеріне арналған таныстырылым веб-трансляциясын және конференц-қоңырау өткізеді. Таныстырылымның веб-трансляция жазбасы Компанияның ресми сайтында қолжетімді.



