Yandex Qazaqstan және Activat VC Clash of Startups жеңімпаздарын жариялады

Yandex Cloud технологиялық платформасының сервистерге арналған гранттарын Камила Даутканова (BookEat), Абылай Базарбаев (UGC Match) және Никита Быков (Qutty Band) ұтып алды.

12 наурыз күні Алматыдағы Яндекстің Үлкен офисінде Yandex Qazaqstan және Activat VC венчурлік компаниясы ұйымдастырған «Clash of Startups» митапы өтті. Іс-шараға қолданбалы жасанды интеллект, финтех, қалалық сервистер, мартех және басқа да бағыттардағы стартаптар қатысты.

Панельді сессия аясында венчурлық қордың сапаршылары стартаптардың технологиялық құрамын қалай бағалайтындары туралы айтып берді. Yandex Cloud стартап-бағдарламалар мен коммерциялық бастамалар бағытының жетекшісі Никита Ражев модератор болды.

Компаниялар үшін митапқа қатысу, соның ішінде Activat VC қоры арқылы да, венчурлік инвесторлардың назарын аударуға жақсы мүмкіндік болды. Питч-сессия барысында стартап негізін қалаушылар шешімдерін қазылар алқасына таныстырды. Қазылар әр кейсті талдап, пікірлері мен ұсыныстарын айтты.

Қазылар алқасының құрамына енгендер:

  • Аслан Сұлтанов, White Hill Capital басқарушы серіктесі;
  • Жан Қарсыбаев, Big Sky Capital басқарушы серіктесі;
  • Бауыржан Шалбаев, СІО MOST Ventures;
  • Асқар Білісбеков, Qazaqstan Venture Group СЕО;
  • Тимур Шалекенов, Yandex Qazaqstan СЕО;
  • Мейіржан Есімханов, Activat VC атқарушы директоры;
  • Шахзод Нарзуллаев, IT Park Ventures инвестиция менеджері.

Питчинг қорытындысы бойынша қазылар алқасы үш финалисті таңдады. Олар Yandex Cloud бұлттық сервистеріне гранттарға ие болды. 6 млн теңге грантты BookEat компаниясының тең құрылтайшысы Камила Даутканова алды. BookEat — мейрамханаларға арналған, үстел брондауды, тағамдарға алдын ала тапсырыс беруді, қонақтар ағынын басқаруды және аналитиканы бір қосымшада біріктіретін технологиялық платформа. Сонымен қатар, тағы бір 6 млн теңгелік грантты Абылай Базарбаев брендтердің блогерлер мен UGC-креаторлар арқылы жарнама жасауын іске қосуға арналған UGC Match жобасымен жеңіп алды.

Ал 3 млн теңге грант Никита Быков пен Qutty Band стартапына берілді. Qutty Band — негізгі физиологиялық қажеттіліктерді бақылауға арналған, өз алгоритмі мен түсінікті интерфейсі бар ақылды фитнес-браслет.

Гранттар Қазақстан мен Орталық Азиядағы стартаптар мен технологиялық компанияларды қолдауға арналған ең ірі бағдарламалардың бірі  Yandex Cloud Boost аясында берілді. Бағдарламаға қатысушылар өз жобаларын дамыту және ауқымын кеңейту үшін инфрақұрылымды бұлтта орналастыруға, сондай-ақ, Яндекс сервистерін арнайы шарттармен пайдалануға мүмкіндік алады. Бағдарлама іске қосылғаннан бері 120-дан астам стартап бұлттық инфрақұрылымға арналған гранттар алған.

«Біз кәсіпкерлікті жүйелі түрде қолдау қажет деп сенеміз. Инвестициялар әрдайым тұрақты бермейді, сондықтан стартаптарға қолжетімді технологиялық ресурстар мен кеңес беру арқылы қолдау да маңызды. Осы мақсатта біз 2019 жылы Yandex Cloud Boost бағдарламасын дамыта бастадық. Yandex Cloud-тың барлық мүмкіндігі – жасанды интеллект жүктемесіне арналған инфрақұрылым, платформалық сервистер және дайын SaaS-шешімдер – стартаптарға арналған гранттар аясында қолжетімді. Бұл шағын командаға қымбат ML-инженерлерсіз-ақ өнім әзірлеуге және ірі бизнес қолданатын құралдарды пайдалануға мүмкіндік береді», –
дейді Никита Ражев.