Лимфа жүйесінің ісік ауруының сирек түрімен ауыратын науқастарға емдеудің қосымша нұсқасы қол жетімді болды
Қазақстанда мантия жасушалы лимфоманы (МЖЛ) диагностикалау мен емдеудің клиникалық хаттамасын жаңарту күшіне енді. Жақын арада осы аурудан емделіп жатқан қазақстандық пациенттер жаңа мақсатты ісікке қарсы препаратқа қол жеткізе алады. Бұл ауруды емдеу хаттамасы препаратты МЖЛ бар ересек пациенттерде монотерапияда қолдануда ұсынылады.
Лимфомалар – лимфа жүйесінің жасушаларынан дамитын ісік аурулары. Ауру лимфоциттердің тез өндірілуіне байланысты пайда болады . Лимфомаларға айналуы мүмкін лимфоциттердің екі түрі бар. Олар – В-жасушалар және Т-жасушалар . Лимфомалардың екі негізгі түріне Ходжкин лимфомасы және Ходжкинтік емес лимфомалар (ХЕЛ) жатады. МЖЛ әдетте В лимфоциттері мантия аймағы деп аталатын лимфа түйінінің аймағындағы қатерлі жасушаларға мутация жасағанда пайда болатын ХЕЛ сирек түрі .
МЖЛ көбінесе ісіктің асқазан-ішек жолдары мен сүйек кемігіне таралғаннан кейін, яғни асқынған сатысында диагноз қойылады. MЖЛ клиникалық көрінісі мен агрессивті дәрежесі әртүрлі болуы мүмкін. Симптомдарға лимфа түйіндерінің ісінуі, қызу, түнгі тершеңдік, салмақ жоғалту және шаршау жатады, дегенмен кейбір науқастарда бұл симптомдардың біразы кездеспеуі мүмкін немесе мүлдем болмаған жағдайлар да бар.
Қазіргі уақытта МКЛ емделмейтін ауру ретінде жіктелгеніне қарамастан, клиникалық хаттаманы жаңартумен бірге пайда болған терапевтік мүмкіндіктер аурудың көріністерін жақсырақ тоқтатуға, сондай-ақ мантия жасушалы лимфомасы бар науқастардың өмір сүру сапасын ұзартуға және жақсартуға үміт сыйлайды.
«Мантия жасушалы лимфома – сирек кездесетін ауру, оны ерте сатысында анықтау қиын. МЖЛ жағдайындағы пациенттердің көпшілігі 65 жастан асқан адамдар болып отыр, олар көбінесе иммунитеті төмен коморбидті науқастар тобына жатады. Бүгінгі таңда, жүздеген пациенттеріміз үшін ең жақсы болжамға үміттенуге мүмкіндік беретін МЖЛ емдеу хаттамасының соңғы жаңартулары біз үшін маңызды», — деп түсіндірді «ҚазОРҒЗИ» АҚ сүйек кемігін трансплантациялау гематология орталығының басшысы Сәуле Ғаббасова.
Қатерлі ауруларды емдеудегі соңғы ғылыми жетістіктер тіпті, мантиялы жасуша лимфомасы сияқты аурумен ауыратын науқастарға айтарлықтай көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Миссиясы қатерлі ісік ауруын созылмалы ауруға айналдыру болып табылатын компания ретінде «АстраЗенека» Қазақстандағы науқастардың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін мүмкіндігінше көп емдік нұсқаларды жасауға күш салады.
«АстраЗенека» Қазақстанда 2007 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Компанияның өкілдігі Алматы қаласында орналасқан.