8,9 млн теңгеге Haval М6 кроссоверіне алдын ала тапсырыс беру басталды

Биыл мамыр айында қазақстандықтар бюджеттік отбасылық Haval М6 кроссоверін сатып ала алады. Бұл модельді нарықта «Астана Моторс» компаниясының еншілес компаниясы – Haval Motor Kazakhstan ұсынатын болады.

Орташа өлшемді отбасылық Haval М6 кроссовері GWM концернінің бестселлері болған Haval H6 моделінің платформасында жасалған, сондықтан белсенді қауіпсіздік бойынша тамаша пакетке ие болды және пассивті қауіпсіздігінің де көрсеткіштері тамаша. Былтыр Haval М6 моделіне рестайлинг жасалды, сондықтан қазақстандықтар бірден жаңа нұсқасымен танысатын болады.

Бұл модель біздің нарыққа 143 а.к. бар бензин қозғалтқышымен жеткізілетін болады, оның көрсеткіші бойынша 202 Hm айналдыру моментін береді деп көзделген. Ал беріліс қорабын не 6 сатылы механика, не 7 сатылы робот түрінде таңдауға болады. Модель – алдыңғы жетекті, аспасы тәуелсіз Макферсон. Haval M6 экологиялық класы Еуро-5 стандарттарына сай.

Haval M6 моделінде электроника тым көп емес, алайда көмекшілер мен жайлылығы жетерлік. Модельде круиз-контроль және жүргізушінің көлікті басқару көмекшілері алдын ала орнатылған: өрден түскен, өрге көтерілген кезде, шұғыл тежеген кезде және бос айналған кезде көмектесу жүйелері. Алдыңғы орындықтардың жылытқышы, кілтсіз кіру мүмкіндігі, артқа жүру камерасы мен артқы парктрониктер қарастырылған.

Haval M6 өте жайлы басқарылады, әсіресе автокөлік нарығындағы жаппай диджиталдарға үйренбегендер үшін қолайлы: тач-басқарылатын медиажүйе аналогтық түймелермен және тұтқалармен тамаша үйлеседі.

Haval M6 – отбасылық автокөлік, ол сенімді, кең әрі қауіпсіз. Бағасы да лайықты – ол базалық жинақтамада 8 990 000 теңгеден басталады, яғни Haval M6 – өз класында және Haval тізбегінде ең қолжетімді автокөлік.

Компания жаңа автокөлікті Haval дилерлік орталықтарында мамыр айында ұсынады, ал 10 сәуірден бастап алдын ала тапсырыс беру қолжетімді.

Айтпақшы, жуырда бұл модель отбасылық қана емес, сонымен қатар «үй көлігіне» де айналады! Дәл сол модель «Астана Моторс» компаниясының салынып жатқан мультибрендті зауытында өндіруге таңдалған, демек, 2025 жылы «Қазақстанда жасалған» деген белгісі бар Haval M6 пайда болады.