29 наурыздан бастап Lufthansa әуе компаниясы Майндағы Франкфурттан Алматы қаласына тұрақты рейстерін қайта іске қосты.

Әуе қатынасы шеңберлік жүйе бойынша ұйымдастырылған: әр қаладан тікелей рейстермен қатар, транзиттік рейстер де ұсынылады. Рейстер кестесі Lufthansa компаниясының жаһандық әуе желісімен үйлестірілген. Бұл қазақстандық жолаушыларға Франкфурт арқылы Еуропа мен Солтүстік Америка бағыттарына ыңғайлы түйісу рейстерін пайдалануға мүмкіндік береді.

Алматы халықаралық әуежайы Lufthansa рейсін салтанатты түрде қарсы алды. Енді жолаушылар Алматы әуежайы арқылы Еуропа елдеріне саяхат жасап, әлемді еркін аралай алады.

Рейстер Airbus A340-300 әуе лайнерлерімен аптасына 5 рет орындалады. Бортта қызмет көрсетудің үш класы қарастырылған: бизнес-класс, премиум-эконом-класс және интерконтиненттік эконом-класс.