Тұрақты даму құндылықтары: білім беру кеңістігіндегі жаңа бағыт

Жаһандану дәуірінде тұрақты даму мақсаттары адамзат өркениетінің негізгі даму бағдарына айналып отыр. Әлемдік қауымдастық әлеуметтік әділеттілік, экологиялық қауіпсіздік, сапалы білім мен құқық үстемдігін қамтамасыз ету арқылы тұрақты болашақ қалыптастыруды көздейді. Бұл үдерісте жоғары білім беру жүйесі ерекше орын алады, өйткені дәл осы ортада қоғамның интеллектуалдық әлеуеті қалыптасып, жаңа буын мамандары тәрбиеленеді.
Осы тұрғыда еліміздің алдыңғы қатарлы жоғары оқу орындарының бірі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде тұрақты даму қағидаттарын іске асыру жүйелі сипат алған. Университет қызметінің негізгі бағыттары білім беру, ғылым және қоғамдық қызмет өзара үйлесімде дамып, жаһандық мақсаттарға бағытталған нақты нәтижелерге қол жеткізуді көздейді.Білім беру саласында жүргізіліп жатқан өзгерістер ерекше назар аудартады. Оқу бағдарламалары қазіргі заман талаптарына сай жаңартылып, студенттердің тек кәсіби білімін ғана емес, сонымен қатар олардың сыни ойлау қабілетін, әлеуметтік жауапкершілігін дамытуға бағытталған. Тұрақты даму тақырыптары оқу үдерісіне енгізіліп, жастардың қоршаған ортаға, қоғамға және заң талаптарына деген саналы көзқарасын қалыптастыруға ықпал етуде. Бұл қадам өз кезегінде болашақта жауапты шешім қабылдай алатын мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Ғылыми зерттеулер де тұрақты даму мақсаттарымен сабақтасып жатыр. Университет ғалымдары экологиялық мәселелерді шешу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, жасыл технологияларды дамыту, әлеуметтік теңдікті қамтамасыз ету бағытында ауқымды жұмыстар жүргізуде. Мұндай зерттеулер қоғам үшін маңызды практикалық нәтижелер беріп, ғылыми әлеуеттің нақты пайдаға айналуына жол ашуда. Студенттердің қоғамдық белсенділігі де бұл бағыттағы жұмыстың маңызды құрамдас бөлігі. Жастар түрлі экологиялық акцияларға, қайырымдылық шараларға, құқықтық сауаттылықты арттыруға бағытталған жобаларға белсенді қатысады.Аталған бастамалар олардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, қоғамдағы өз орнын түсінуге көмектеседі. Осындай тәжірибе арқылы студенттер тек білім алып қана қоймай, әлеуметтік жауапкершілікті сезінетін тұлға ретінде қалыптасады. Құқық саласындағы білім беру тұрақты дамудың маңызды тіректерінің бірі саналады. Заң үстемдігі мен әділдік қағидаттары қоғамның тұрақты дамуын қамтамасыз ететін негізгі факторлар болып табылады. Осыған байланысты заң бағытында білім алып жатқан студенттерге ерекше көңіл бөлінеді. Теориялық білім тәжірибемен ұштасып, заң клиникалары арқылы азаматтарға нақты құқықтық көмек көрсету жүзеге асырылуда. Халықаралық байланыстар да тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыруда маңызды рөл атқарады. Әртүрлі елдердің университеттерімен бірлескен жобалар мен ғылыми ынтымақтастық тәжірибе алмасуға, үздік тәжірибелерді енгізуге мүмкіндік береді. Мұндай серіктестік білім сапасын арттыруға және жаһандық деңгейде бәсекеге қабілетті мамандар даярлауға ықпал етеді. Соңғы жылдары цифрлық технологияларды енгізу де білім беру сапасын жаңа деңгейге көтерді. Электронды платформалар, онлайн білім беру ресурстары, заманауи оқыту әдістері студенттердің білімге қолжетімділігін кеңейтіп, оқу үдерісін тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік беруде. Жалпы алғанда, тұрақты даму мақсаттарын жүзеге асыру – кешенді әрі ұзақ мерзімді үдеріс. Бұл бағытта жоғары оқу орындарының қызметі қоғамның барлық саласына әсер ететін маңызды факторға айналып отыр. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде қалыптасқан тәжірибе білім мен ғылымның қоғам игілігіне қызмет етуінің айқын көрінісі. Тұрақты даму қағидаттарын жүзеге асыру тек белгілі бір салаға тән міндет емес, бұл бүкіл қоғамның ортақ жауапкершілігі. Білім беру арқылы қалыптасқан құндылықтар болашақта елдің тұрақты дамуына негіз болады. Университет қабырғасында қалыптасқан бұл бағыт уақыт өте келе кең ауқымды нәтижелерге ұласып, қоғамның сапалы өзгеруіне ықпал етуде.
Баймаханова Д.М.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ мемлекет және құқық теориясы мен тарихы,
конституциялық және әкімшілік құқық кафедрасының доценті, заң ғылымдарының докторы
Қанбатырова Жанерке Ғалымқызы,
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ заң факультетінің 1 курс магистранты



