«Рамазан айында сыйлықтары» алаяқтардың кезекті айласы

Қазіргі уақытта WhatsApp мессенджерінде Halyk атынан алаяқтық хаттар таратылуда. Жіберілімде алаяқтық сілтеме бар, оны басқан кезде ықтимал жәбірленуші сұрақтарға жауап беріп, жеңіл ұтыс ойынына қатысатын сайтқа өтеді. Ал ақшалай сыйлықты алу үшін достарыңыз бен туыстарыңызға сілтемесі бар хабарлама жіберуіңіз керек.

Бізге Halyk Bank-тің ақпараттық ресурстарды қорғау департаменті түсіндіргендей, бұл тарату фишингтік схеманың бірі және оны алаяқтар азаматтардың телефондарына зиянды бағдарламаларды жүктеп алуы үшін пайдаланады. Олардың көмегімен шабуылдаушылар телефондағы барлық ақпаратқа, соның ішінде банктік мобильді қосымшаларға толық қол жеткізе алады. Осылайша, қауіпті бағдарламаны жүктеп алу кезінде адам өз ақшасын жоғалтуы мүмкін.

 

Фишингті алаяқтар пайдаланушылардың жеке ақпаратын — телефон нөмірлерін, жасын, атын, сондай-ақ төлем карталарының деректерін (төлем картасының 16 таңбалы нөмірі, оның қолданылу мерзімі, 3 таңбалы CVV коды), банктік мобильді қосымшалардың, жеке шоттардың және т. б. логиндер мен парольдерді жинау үшін белсенді пайдаланады.

Егер пайдаланушы нұсқауларды орындап, белгісіз қосымшаны орнатса немесе күмәнді сайтқа төлем картасының мәліметтерін енгізсе, қосымша нұсқаулар алу үшін өз банкіне шұғыл түрде хабарласуы керек.

Халық банкі барынша қырағылық танытып, еңбекпен тапқан ақшаңызды жоғалтып алғанша, жіберілген ақпаратты тексеруге бірнеше минут жұмсаған дұрыс екенін есте сақтауға шақырады. Барлық акциялар, ұтыс ойындары мен сыйлықтар туралы ақпарат әрқашан банктің ресми сайтында және оның әлеуметтік желілерінде орналастырылады