Үндістанның Үнді өзен сулары келісімшартына қатысты ұстанымы

ҮНДІ ӨЗЕН СУЛАРЫ КЕЛІСІМШАРТЫ

Асимметриялық міндеттемелер, теңсіз ымыралар және Пәкістанның оны құралға айналдыруы

 I бөлім: Теңсіздік архитектурасы— Үндістанның ізгі ниеті қалайша жол беру (концессия) ретінде заңдастырылды

1. Алғышарт: Өзен жүйесінің бөлінуі

Үнді өзені жүйесіне Үндістан мен Пәкістан аумақтары арқылы ағып өтетін алты ірі өзеннен тұрады: Үнді, Ченаб, Джелум, Рави, Биас және Сатледж. Бұл жүйе Үнді алабында ауыз су, ауыл шаруашылығы және электр энергиясын өндірудің негізгі көзі ретінде шекараның екі жағында жүздеген миллион адамды тіршілік көзімен қамтамасыз етеді.

1947 жылы Британдық Үндістан бөлінген кезде, Үнді өзені жүйесі де екі жаңа мемлекет арасында бөліске түсті. Географиялық жағдай өте күрделі болды: Үндістан жоғарғы ағыста орналасқан мемлекет ретінде өзендердің көпшілігінің бастауына иелік етті, ал Пәкістанның ауыл шаруашылығы орталығы саналатын Пенджаб жазықтары шығыстан келетін су ағынына тікелей тәуелді еді.  Өз кезегінде, Үндістанға да Пенджаб пен Раджастан аймақтарындағы даму мақсаттары үшін осы су жүйесіне қолжетімділік қажет болса да, жаңа батыс көршісімен тұрақты әрі қалыпты қарым-қатынас орнатуға ұмтылды. Өзінің ішкі қажеттіліктерінің өзектілігіне қарамастан, Үндістан 1960 жылғы 19 қыркүйекте Дүниежүзілік банктің қатысуымен Пәкістанмен осы айтарлықтай жеңілдіктерге толы су бөлісу келісіміне қол қойды.

2.  Келіссөздер – Үндістан парасаттылығы үшін құн төледі

2.1 Пәкістанның кешіктіру стратегиясы және 1954 жылғы Дүниежүзілік банк ұсынысы

Келіссөздердің бағыты басынан бастап Үндістанның ақылға қонымды және сындарлы ұстанымы мен Пәкістанның максималистік, кейде тіпті қисынсыз талаптары арасындағы асимметриямен қалыптасты — бұл теңсіздік нәтижелердің әділеттілік талап еткеннен гөрі Пәкістан үшін әлдеқайда қолайлы болуына негіз қалады. Дүниежүзілік банктің 1954 жылғы 5 ақпандағы алғашқы мазмұнды ұсынысы мұны айқын көрсетеді: тіпті бастапқы кезеңнің өзінде-ақ Үндістаннан біржақты үлкен жеңілдіктер жасау талап етілді:

            • Үнді және Ченаб өзендерінің жоғарғы ағысындағы барлық жоспарланған Үндістандық

             жобалардан бас тарту керек болды, бұл жобалардың пайдасы оның орнына Пәкістанға

             тиесілі болды.

  • Үндістан Ченаб өзенінен шамамен 6 миллион акр-фут (MAF) суды бұрудан бас тартуға

             міндеттелді.

  • Мераладағы (қазіргі Пәкістан аумағында) Ченаб сулары Үндістанның пайдалануы үшін

             қолжетімді болмайтын болды.

  • Кач аймағында (Kutch) осы өзен жүйесінен келетін суды пайдаланып, ешқандай су

             жобаларын дамытуға рұқсат берілмеді.

Осындай ауыр шектеулерге қарамастан, Үндістан мәселені тезірек шешуге деген шынайы ниетін танытып, бұл ұсынысты дереу дерлік қабылдады. Ал Пәкістан болса, керісінше, ресми түрде келісім беруді бес жылға жуық уақытқа созып, тек 1958 жылдың 22 желтоқсанында ғана мақұлдады. Үндістанның осы ізгі ниетінің нәтижесінде оған шектеулер қойылды, ал Пәкістан ешқандай балама шектеулерсіз Батыс өзендерін жаңа мақсаттарда пайдалануды жалғастыра берді. Пәкістан бұл жағдайдан «кедергі келтірудің — пайдасы зор, ал ынтымақтастықтың — шығыны көп» деген сабақ алып, содан бері бұл қағиданы жүйелі түрде қолданып келеді.

3. Үндістан неден айырылды: Құрбандықтың ауқымы

3.1 Су ресурстарын бөлу

Келісімшарттың су бөлу формуласы бойынша Үндістан үш Шығыс өзеніне – Сутлеж, Биас және Равиге – айрықша құқықтар алды, ал Пәкістан үш Батыс өзенінің – Үнді, Ченаб және Джелум суларын пайдалану құқығына ие болды. Үндістанға өз аумағында Батыс өзендерін белгілі бір шектеулі,  тұтынушылық емес мақсаттарда, негізінен ағын сумен жұмыс істейтін (деривациялық) гидроэлектростанциялар арқылы энергия өндіру үшін пайдалануға рұқсат берілді. Бұл құқық жобалау мен пайдаланудың қатаң әрі ауқымды шектеулеріне негізделді.

Көлемдік тұрғыдан алғанда, Үндістанға бөлінген Шығыс өзендерінің жылдық ағыны шамамен 33 миллион акр футын (MAF) құрайды, ал Пәкістанға бөлінген Батыс өзендерінің жылдық ағыны шамамен 135 MAF-қа тең, яғни бұл Пәкістанға жүйе суының шамамен 80 пайызын береді. Үндістан әлдеқайда ауқымды Батыс өзендер жүйесіне деген барлық талаптарынан бас тартқаны үшін небәрі 20 пайыз суды алды. Мұндағы ең маңызды жайт — Үндістан бұл келісім арқылы жаңа су ресурстарына ие болған жоқ.  Үндістанның алғаны — әлдеқайда үлкен Батыс жүйесінен толықтай бас тарту арқылы, өзі бұрыннан пайдаланып келген су ағындарының ресми түрде заңды мойындалуы ғана болды. Үндістанға өз аумағында Батыс өзендерін белгілі бір тұтынушылық емес мақсаттарда, негізінен ағын сумен жұмыс істейтін гидроэнергетика үшін пайдалануға рұқсат берілді.

3.2 Қаржылық жеңілдік: суды беру үшін ақы төлеу

Бәлкім, Келісімшарттың ең таңқаларлық қайшылығы (аномалиясы) — оның қаржылық ережесі болып табылады. Үндістан Пәкістан басып алған Кашмирде су ресурстары инфрақұрылымын салу үшін Пәкістанға шамамен 62 миллион фунт стерлинг (қазіргі құны бойынша шамамен 2,5 миллиард доллар) өтемақы төлеуге келісті. Бұл төлем — жүйедегі судың басым бөлігінен бұрыннан-ақ бас тартып отырған жоғарғы ағыстағы елдің, төменгі ағыстағы елге осылай жасау «артықшылығы» үшін қосымша ақы төлеген бірегей прецедентін білдіреді. Негізінде, Үндістан Пәкістанның суды бөлудің іргелі мәселесінде Пәкістанға айтарлықтай басымдық беретін келісімді қабылдауына демеушілік жасады (субсидиялады).

  1. Келісімшарттың құрылымдық әділетсіздігі

4.1 Үндістанға қойылған біржақты асимметриялық шектеулер

Келісімшарт Үндістанның Батыс өзендерін пайдалануына қатысты бірқатар нақты жобалау және пайдалану шектеулерін жүктейді, ал Пәкістан тарапында бұған сәйкес келетін ешқандай міндеттемелер жоқ:

• Үндістан өз аумағында тек шектеулі көлемдегі суармалы егістік алқаптарын (ICA) дамыта алады.

  • Үндістан Батыс өзендеріндегі кез келген су қоймасында жиналатын су көлеміне қатысты қатаң шектеулерге кезігіп отыр.
  • Үндістан Батыс өзендеріндегі кез келген гидроэнергетикалық нысандар үшін арнайы жобалау критерийлерін орындауға міндетті, соның ішінде тәуліктік реттеу көлемі мен су             сақтау сыйымдылығына қатысты шектеулер бар.

Бұл шектеулер бір бағытты: олар Үндістанның өз аумағындағы ресурстарды заңды түрде игеруін шектейді, ал Пәкістанға ешқандай баламалы ашықтық немесе шектеу талаптарын жүктемейді. Нәтижесінде, жоғарғы ағыстағы мемлекет — Үндістан — бақылау мен шектеуді қажет ететін тарап ретінде қарастырылып, ал төменгі ағыстағы мемлекет кепілдендірілген су ағынының игілігін көретін келісімшартқа қол жеткізілді.

ҮНДІ ӨЗЕН СУЛАРЫ КЕЛІСІМШАРТЫ

Асимметриялық міндеттемелер, теңсіз ымыралар және Пәкістанның оны құралға айналдыруы

II бөлім: Кедергі жасау, пайдалану және көптен күткен бетбұрыс

1. Пәкістанның Келісімшартты құралға айналдыруы

1.1 Үндістанның даму бастамаларына жүйелі түрде тосқауыл қою

Келісімшартқа қол қойылған сәттен бастап Пәкістан оның дауларды шешу тетіктерін шынайы келісімге келу үшін емес, стратегиялық кідіріс пен даму үдерісін тұсаулау құралы ретінде жүйелі түрде пайдаланып келеді. Үндістанның Батыс өзендерінде ұсынған іс жүзіндегі барлық ірі гидроэнергетикалық жобалары, тіпті Келісімшарт талаптарына толық сәйкес келетіндері де, Пәкістан тарапынан ресми қарсылыққа, техникалық дауға немесе арбитражға жолдануға ұшырады.

Баглихар, Кишенганга, Пакал Дул, Тулбул сияқты жобалардың барлығы ұзаққа созылған дау-дамайлардың нысанына айналды. Бірқатар жағдайларда Пәкістан үнді жобаларының реттелген су ағымы, соның ішінде су тасқынын тежеу тұрғысынан пайдалы болуы мүмкін екенін мойындағанымен, сонымен қатар оларға қарсы шығуын тоқтатпады. Бұл қайшылық Пәкістан қарсылықтарының түпкі мақсаты Келісімшарт талаптарын сақтау емес, заңдық негізіне қарамастан, Джамму мен Кашмирдегі үнді дамуын тежеп ұстау екенін айқын көрсетеді.

1.2 «Су соғысы» риторикасы және оның қолданылуы

Сонымен қатар Пәкістан Үндістанның Келісімшартты мүлтіксіз орындауын халықаралық деңгейде «су агрессоры» бейнесін қалыптастыру үшін шебер пайдаланып келеді. Пәкістанның ресми тұлғалары, академиялық ортасы және дипломатиялық арналары Үндістанның «суды қару ретінде қолдануы мүмкін» деген күмәнді тезисті қайта-қайта көтеріп, дәл сол Үндістан адал сақтап отырған Келісімшартқа сүйенеді.

Жоғарғы ағыс елін қауіп көзі ретінде сипаттайтын бұл риторика Келісімшарт тарихынан бейхабар халықаралық аудитория арасында ерекше тиімді әсер қалдырды. Пәкістан оны дипломатиялық қысым қалыптастыруға, көпжақты қолдау табуға және Үндістанның өз заңды құқықтарын іске асыру мүмкіндігін шектеуге пайдаланып отыр.

Алайда бұл стратегияның ең өткір ирониясы – Үндістан Келісімшарттың бірде-бір талабын бұзған емес: 1965 жылғы соғыс кезінде де, 1971 жылғы қақтығыс барысында да, 1999 жылғы Каргил жанжалы кезінде де, сондай-ақ Келісімшарттың алпыс бес жылдық қолданысы кезеңінде ешбір сәтте де бұзушылыққа жол бермеді. Тіпті Пәкістан өз аумағын Үндістанға қарсы мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілген терроризм үшін пайдаланған жағдайда да, Үндістан Келісімшарттық міндеттемелерін сақтауды жалғастырды.

2. Үндістан үшін салдарлар

2.1 Іске аспаған даму әлеуеті

Келісімшарттағы шектеулер Үндістанның Үнді бассейніндегі дамуына ұзақ мерзімді әрі нақты әсер етті. Раджастанның кең алқаптары мен Пенджабтың кейбір өңірлері суарылуы мүмкін бола тұра, әлі күнге дейін құрғақ күйде қалып отыр немесе қымбат балама су көздеріне тәуелді. Алты онжылдық бойы жіберіп алынған ауыл шаруашылығы өнімділігі есепсіз экономикалық шығынға әкелді.

2.2 Джамму мен Кашмирдің тұсауланған гидроэнергетикалық әлеуеті

Бұл өңірге тиген әсер ерекше ауыр болды. Джамму мен Кашмир Батыс өзендерінің бойында орналасқан және орасан зор, бірақ әлі толық игерілмеген гидроэнергетикалық мүмкіндіктерге ие. Алайда бұл әлеуетті дамыту Келісімшарттағы жобалық шектеулермен, Пәкістанның жүйелі қарсылықтарымен және көпсатылы, ұзаққа созылатын дауларды шешу механизмдерінің тұрақты қаупімен тежеліп отыр. Жергілікті халық арасында Келісімшартқа деген көзқарас өзгеріп келеді: олар оны ортақ игілік құралы емес, өздерінің экономикалық шеттетілуінің символы ретінде қабылдай бастады. Табиғи ресурстар өз аумағынан ағып өтсе де, оларды игеру мүмкіндігін шектейтін сыртқы фактор ретінде көреді.

2.3 Энергетикалық қауіпсіздікке әсері

Батыс өзендерінің гидроэнергетикалық әлеуетін толық пайдалана алмау Үндістанның ұлттық энергетикалық қауіпсіздігіне тікелей әсер етеді. Келісімшарттағы шектеулер нәтижесінде таза, жаңартылатын әрі экономикалық тұрғыдан тиімді энергия көзі бола алатын қуат көздері тек Пәкістанның стратегиялық кедергілері салдарынан пайдаланылмай қалып отыр.

3. Үндістанның ұстанымы

Келісімшарт бастапқыда Үнді өзен жүйесінің су ресурстарын «ең толық әрі қанағаттанарлық түрде пайдалану» мақсатында, «ізгі ниет пен достық рухында» жасалған еді. Алайда бүгінгі геосаяси жағдайда бұл контекст мүлдем өзгерген.

Кез келген халықаралық келісімнің легитимдігі тек құқықтық күшімен емес, тараптардың оны адал ниетпен орындауына байланысты. Пәкістанның Үндістанға қарсы сыртқы саясат құралы ретінде мемлекеттік деңгейде қолдау көрсетілген терроризмді жүйелі түрде қолдануы 2001 жылғы Парламентке шабуылдан бастап, 2008 жылғы Мумбай оқиғаларына және 2025 жылғы сәуірдегі Пахалгам шабуылына дейін Үндістанның Келісімшартты әрі қарай орындауының негізін түбегейлі күмән астына қояды. Екіжақты келісімдерді таңдап орындау мүмкін емес: мемлекет бір мезгілде халықаралық қатынастардың негізгі қағидаларын бұзып, сонымен қатар өзіне тиімді Келісімшарттық міндеттемелердің орындалуын талап ете алмайды. Келісімшарт Пәкістанның сенімсіз саясаты аясында Үндістанның жалғыз адалдығының аралы болып қала алмайды. Үндістанның қазіргі қадамы – кешіккенімен заңды ұстаным: халықаралық келісімдер екіжақты жауапкершілікке негізделуі тиіс.

4. Қорытынды

Үнді өзен сулары келісімшарты ұзақ уақыт бойы халықаралық дипломатияның табысты үлгісі ретінде дәріптеліп келді. Алайда бұл талдау мұндай бағаның шынайы жағдайды бұрмалайтынын көрсетеді: келіссөздер барысында Пәкістанның ымырасыздығы марапатталып, Үндістанның ізгі ниеті жүйелі түрде пайдаланылған, нәтижесінде бастапқыдан-ақ теңсіз келісім қалыптасқан.

Соған қарамастан Үндістан су ресурстарының 80 пайызынан бас тартып, осы процесті жүзеге асыру үшін 62 миллион фунт стерлинг (қазіргі бағамен шамамен 2,5 миллиард доллар) төледі, өз аумағында біржақты шектеулерді қабылдады және алпыс бес жыл бойы соғыстар мен трансшекаралық терроризмге қарамастан, Келісімшарт талаптарын мінсіз орындап келді. Ал есесіне Үндістан не алды? Ізгі ниетке негізделгенімен, іс жүзінде Пәкістан тарапынан даму үдерісін тұсаулайтын құралға айналған келісім; дәйекті негізі жоқ «су соғысы» туралы айыптаулар; әрі ел аумағының кең өңірлерінің ұзақ жылдар бойы кенжелеп қалуы.

Үндістанның бүгінгі қадамы Үнді бассейніндегі заңды мүдделерін қорғау. Бұл агрессия емес, ешқашан жауапсыз қалған ізгі ниетке негізделген асимметриялық келісімді түзетуге бағытталған көптен күткен шешім. Ал «неліктен дәл қазір?» деген сұраққа келсек, дұрыс шешім қабылдауға ешқашан кеш те, ерте де болмайды.

Үндістанның Үнді сулары жөніндегі бұрынғы комиссары, доктор Прадип Кумар Саксена