ҚХР-дағы ҚР Елшісі Гонконг Әкімшілігінің Басшысымен оның ҚР-ға жұмыс сапары қарсаңында кездесу өткізді

Ағымдағы жылдың 1-3 маусымына жоспарланған Гонконг басшысының Қазақстанға тарихтағы алғашқы жұмыс сапары қарсаңында Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Шахрат Нұрышев Қытай Халық Республикасының Гонконг Арнайы әкімшілік ауданы Әкімшілігінің Басшысы Джон Лимен кездесу өткізді.
Кездесу барысында тараптар делегацияның Астанаға сапарының мазмұнды бағдарламасының дайындығын, соның ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің мүшелерімен кездесулерді талқылады.
Қазақстанның Қытайдағы елшісі ҚХР СІМ-нің арнайы медалімен марапатталды
Сондай-ақ, алдағы сапар аясында Гонконг пен құрлықтық Қытайдың 60-тан астам жетекші компаниялары мен қаржы институттарынан тұратын ірі бизнес-делегацияның қатысуымен бизнес-форум өткізу жоспарлануда. Оның барысында сауда-экономикалық салада 20-дан астам екіжақты құжатқа қол қою, сондай-ақ АХҚО, «Бәйтерек» холдингі және «Самұрық-Қазына» қоры негізінде инвестициялық әлеуетті таныстыру көзделіп отыр.
Келіссөздер барысында тікелей жолаушылар авиақатынасын толыққанды қайта бастау, жүк рейстеріне арналған логистикалық хабтарды дамыту және екіжақты қарым-қатынастардың нормативтік-құқықтық базасын нығайту мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Қазақстан Республикасының Қытай Халық Республикасындағы Елшілігі




