Алматы мен Астанадағы жануарлар панажайларына 7000 килограмм азық табыстап, қызметкерлерінің волонтерлік сапарын ұйымдастырды

Қазақстанның мектептері мен балабақшаларында жүзеге асырылып жатқан Purina-ның «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасы аясында «Мейірімді суреттер» байқауы қорытындыланды. Байқау басталған кезде жарияланған міндеттемеге сәйкес, үй жануарларын азықтандыру мен күту саласындағы сарапшы Purina бренді Алматы мен Астанадағы жануарлар панажайларына тегін азық жеткізді.

Жобаның бастапқы шарты бойынша әрбір жіберілген балалар суретіне бір килограмм азық беру жоспарланған болатын. Байқауға қатысушылар барлығы 160 жұмыс жолдады. Алайда бренд көмек көлемін едәуір арттыру туралы шешім қабылдап, жоспарланған көлемнен 40 еседен астам асырып, бірнеше панажайға 7000 килограмм азық жеткізді. Мұндай қолдау көптеген панажайлар үшін жануарлардың күнделікті азық қажеттілігінің елеулі бөлігін өтеуге мүмкіндік береді.

Азықты табыстау Nestlé компаниясы қызметкерлерінің Алматы облысындағы «Новый шанс» панажайына жасаған волонтерлік сапары аясында өтті. Қатысушылар панажай аумағын абаттандыру жұмыстарына көмектесіп, жануарлармен уақыт өткізді. Өйткені күнделікті күтімнен бөлек, панажайдағы жануарлар үшін адамдардың көңіл бөлуі және олардың әлеуметтенуі маңызды.

Purina компаниясының Еуразия өңірі бойынша үй жануарларына арналған азық санатын дамыту жөніндегі менеджері Александр Каменский:

«Біз үшін бұл жобаның тек символикалық бастамамен шектелмеуі маңызды. Сондықтан панажайлар мен жануарларға күн сайын қамқорлық жасап жүрген адамдарға нақты қолдау көрсету туралы шешім қабылдап, көмек көлемін айтарлықтай ұлғайттық. Ал волонтерлік сапар біздің команда үшін жануарлармен уақыт өткізіп, панажайға тек азықпен ғана емес, өз қатысуымыз арқылы да қолдау көрсетуге мүмкіндік берді. Мұндай жобалар тіпті шағын әрекеттің өзі үлкен игі істің бастамасына айнала алатынын еске салады»

«Новый шанс» қоғамдық қорының президенті Марина Ким:

«Көптеген жануарларды күн сайын сапалы азықпен қамтамасыз ету – кез келген панажай үшін ең күрделі міндеттердің бірі. Мұндай ауқымды қолдау бізге негізгі қажеттіліктерімізді қамтамасыз етіп, ресурстарымызды басқа да өзекті міндеттерге бағыттауға мүмкіндік береді. Бұл жобаның тек азықпен көмек көрсетіп қана қоймай, адамдардың жануарларға деген назарын арттырғаны ерекше құнды»

Purina-ның «Біз – сенің достарыңбыз» білім беру бағдарламасы балаларға ерте жастан бастап үй жануарларына жауапкершілікпен және қамқорлықпен қарауды үйретуге бағытталған. Қазақстанда жобаны Nestlé компаниясы және үй жануарларын азықтандыру мен күту саласындағы сарапшы Purina бренді Алматы қаласы Білім басқармасының Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығымен және Астана қаласы әкімдігінің Әдістемелік орталығымен серіктестікте жүзеге асырады. Жобаның серіктестері қатарында Қазақ ұлттық аграрлық зерттеу университеті мен Қазақстанның Ұлттық ветеринариялық палатасы да бар.

«Біз – сенің достарыңбыз» – қоғамда үй жануарларына жауапкершілікпен қарау мәдениетін дамытуға бағытталған Purina брендінің жаһандық бастамасының бір бөлігі. Жоба 2025 жылдан бері Алматы және Астана қалаларындағы мектептер мен балабақшаларда жүзеге асырылып келеді. Интерактивті әрі қызықты сабақтар арқылы балалар үй жануарларын күту негіздерімен, олардың адам өміріндегі маңызы мен рөлімен, сондай-ақ үй жануарларымен қарым-қатынас кезіндегі қауіпсіздік ережелерімен танысады.