Виксит Бхарат 2047: Дамыған ұлтқа айналудың жол картасы

Үндістан Үкіметі өзіне және ел алдына маңызды мақсат қойғаны мақтауға тұрарлық: Үндістан тәуелсіздігінің жүз жылдығы атап өтілетін 2047 жылға қарай «Виксит Бхарат» (Дамыған Үндістан) болуы тиіс. «Виксит Бхарат» термині дамыған ел ұғымын білдіретіні туралы жалпы түсінік қалыптасқанымен, бұл тұжырымдаманың неден тұратынын түсіну үшін оны мемлекеттік саясат мақсаттары тұрғысынан әлі де нақтылау қажет. Төменде осыны жасау әрекеті берілген.
10 триллион долларлық экономика: Үндістан Жалпы Ішкі Өнімі (ЖІӨ) бойынша әлемдегі төртінші ең ірі экономика екенін заңды түрде мақтан тұта алғанымен, 1,5 миллиардқа жақындап қалған халық үшін 4,5 триллион долларлық қазіргі ЖІӨ жеткіліксіз деңгейде қалып отыр. Сондықтан Үндістан сөздің толық мағынасында «Виксит» елге айналуы үшін ЖІӨ айтарлықтай өсіп, кемінде 10 триллион долларға жетуі тиіс. Егер біз бірнеше қадамды жүзеге асыра алсақ, бұл толықтай қол жеткізуге болатын мақсат. Біріншіден, ЖІӨ-міздің 40 пайызы сыртқы саудаға тиесілі, сондықтан халықаралық саудадағы үлесіміз екі есеге артуы тиіс. Атап айтқанда, 2 пайыз төңірегінде ауытқып тұрған жаһандық экспорттағы үлесіміз 10 пайызға дейін көтерілуі керек. Екіншіден, соңғы жылы 100 миллиард доллардан сәл ғана кем болған Тікелей Шетелдік Инвестицияларымыз (ТШИ) да бірнеше есе өсуі қажет. Жоғарыда айтылған екі жағдай орындалуы үшін Үндістан Үкіметі жер қатынастары, еңбек, энергетика, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым және реттеуші кедергілерді жою сияқты салаларда терең экономикалық реформалар жүргізуі керек.
Инклюзивті экономикалық өсім: Жоғарыда атап өтілгендей, ЖІӨ өсімін жеделдетудің қажеттілігіне күмән жоқ. Алайда мұның өзі жеткіліксіз. Экономикалық өсу инклюзивті болуы, яғни оның нәтижелері әлеуметтік пирамиданың төменгі бөлігіндегі халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал және аз қамтылған топтарына да жетуі тиіс. Үкімет «Прадхан Мантри Гариб Кальян Йоджана» сияқты тамаша бағдарламаларды дайындады. Алайда мұнымен шектелмей, жастар үшін жұмыс орындарын құру Орталық үкімет пен штаттар үкіметтері үшін де ұлттық басымдыққа айналуы тиіс. Тек Үкіметтің немесе тіпті ұйымдасқан сектордың барлық қажетті жұмыс орындарын қамтамасыз етуі мүмкін емес болғандықтан, жастардың жай ғана жұмыс іздеуші емес, кәсіпкер және жұмыс орындарын құрушы болуына мүмкіндік беретін экожүйені қалыптастыру өте маңызды. Экономикалық теңсіздіктің қазіргі деңгейі тұрақсыз және қоғамды әлдеқайда әділетті және теңгерімді ету үшін күш салу керек.
Біліктілікті арттыру: Біздің білім беру жүйеміздің жаттанды оқуға қатты сүйенетіні және жыл сайын бірден жұмысқа орналаса алмайтын мыңдаған түлектерді шығаратыны жалпыға мәлім. Осы тұрғыда түлектерді кәсіби даярлау және қайта даярлау айрықша маңызға ие. Кәсіптік оқыту, өнеркәсіп пен академиялық қоғамдастық арасындағы ынтымақтастық және түлектерімізге технологиялық дағдыларды (соның ішінде Жасанды Интеллектті) үйрету идеясы маңызды миссия дәрежесіне көтерілуі тиіс. Мемлекеттік және жеке сектордағы білім беруге жұмсалатын шығындарды, әсіресе ұлттық орташа деңгейден артта қалған штаттарда, айтарлықтай арттыру қажет. Сонымен қатар, барлық тиісті мекемелерде ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге басымдық берілуі тиіс. Шын мәнінде, халқының саны 1,5 миллиардқа жуықтаған Үндістан үшін бұл демографиялық дивидендке айналуы мүмкін. Алайда, бұл халық білім экономикасының сын-қатерлеріне төтеп бере алатындай жеткілікті білікті болған жағдайда ғана жүзеге асады.
Денсаулық сақтау: Үндістанның денсаулық сақтау жүйесі цифрландыру мен инфрақұрылымды кеңейтудің арқасында айтарлықтай өзгерістерді бастан кешіруде. Дегенмен, медициналық шығындардың өсуі мен созылмалы аурулардың көбеюіне байланысты қиындықтар әлі де бар. Үкімет «Аюшман Бхарат» және «Аюшман Арогья Мандир» сияқты маңызды бағдарламаларды қолға алды,бастамалар бүкіл ел бойынша халыққа медициналық көмек көрсетуді қамтамасыз етуге айтарлықтай ықпал етті. Дәрігер мен пациент арасындағы алшақтықты жою мақсатында 2014 жылдан бері медициналық колледждердегі орын саны екі еседен астам өсті. Үндістанды медициналық туризмнің жаһандық орталығы ретінде ілгерілету бағытында да табысты шаралар жүзеге асырылды. Осының бәріне қарамастан, күрделі мәселелер сақталуда. Денсаулық сақтауға бөлінетін мемлекеттік шығындар әлі де қажетті деңгейден әлі де төмен. Сонымен қатар, Үндістанға жүрек аурулары мен диабеттің әлемдік орталығына айналу қаупі төніп отыр. Сондықтан Үндістан қоғамдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын халықтың басым көпшілігі үшін қолжетімді, арзан және сапалы ету үшін ауқымды түрде өзгертуді жалғастыруы керек. Ұлттық денсаулық сақтау миссиясы мақтауға тұрарлық жұмыс атқарып жатыр. Оны жай ғана нығайту және жетілдіру қажет.
Тұрақты даму: Үндістан жоғары көміртекті даму жолын ұстанған индустриялық дамыған елдердің үлгісін де, бүгінгі таңда әлемнің қалған елдерінің барлығын қосқандағыдан да көп көмір жағатын Қытайдың даму моделін де қайталамауы тиіс. Бүгінде Үндістан – тұрақты даму негізінде төмен көміртекті даму жолын ұстанып, сонымен қатар жоғары табысты экономикаға айналу мүмкіндігіне ие жалғыз ірі экономика. Үндістан бұны тек әлемнің қалауы болғандықтан емес, осы елдің халқы бұған құқылы болғандықтан жасауы керек.
Қорытынды: Үндістан 2047 жылға қарай «Виксит Бхарат» болу үшін шынымен де жақсы жағдайға ие. Бұл ұлттық талпыныста ешқандай мүмкіндік жіберіп алынбауын қамтамасыз ету үшін ел миссия режимінде жұмыс істеп, тұтас үкіметтік тәсілді қолдануы қажет. Қалай болғанда да, алдағы жиырма жыл Үндістан тарихындағы ең маңызды кезең болады.
Д-р Мохан Кумар — Үндістанның Франциядағы бұрынғы Елшісі, қазіргі уақытта О.П. Джиндал жаһандық университетінің деканы/профессоры.
Пікірлер автордың жеке көзқарасын білдіреді
VIKSIT BHARAT 2047: A ROADMAP TO BECOME A DEVELOPED NATION
It is creditable that the Government of India has set for itself and the nation a crucial goal: That India should become Viksit Bharat by 2047, which would be the one hundredth year anniversary of India’s independence. While there is general agreement that the term Viksit Bharat denotes a developed country, it is still necessary for public policy purposes to break the concept down to know what it entails. What follows is an attempt to do so.
A 10 trillion-dollar economy: While India can be legitimately proud of being the fourth largest economy in terms of Gross Domestic Product (GDP) in the world, the fact remains that for a population that is approaching 1.5 billion, the present GDP of $4.5 trillion is a little below par. So, if India must become “Viksit” in the real sense of the term, the GDP must grow significantly to attain the figure of at least 10 trillion dollars. This is entirely achievable if we can do a couple of things. First, 40 per cent of our GDP is foreign trade, so our share of international trade must simply double. In particular, our share of global exports, which hovers around 2 per cent, should rise to 10 per cent. Second, our Foreign Direct Investment (FDI), which for the latest year is a little short of $ 100 billion, must also grow manifold. In order for the above two things to happen, Government of India must carry out deep seated economic reforms in areas such as land, labour, power, agriculture, infrastructure and regulatory obstacles.
Inclusive Economic Growth: While there is no question that the GDP must accelerate, as mentioned above, that alone is not enough. Growth must be inclusive which is to say that it must percolate to the downtrodden people who are at the bottom of the pyramid. The government has conceived excellent schemes such as the Pradhan Mantri Garib Kalyan Yojana. But going beyond that, job creation for the youth must become a national mantra for both the Central and State Governments. Since it is not possible for the Government alone or even the organized sector to provide all the jobs that are necessary, it is vitally important to enable an ecosystem where the youth become entrepreneurs and job creators rather than be mere job seekers. Present levels of economic inequality are unsustainable and efforts must be made to make the society much more egalitarian.
Skilling: It is well recognized that our education system relies heavily on rote learning and it churns out thousands of graduates every year who may not be immediately employable. In this context, skilling and re-skilling of graduates becomes crucial. The idea of vocational training, industry-academic collaboration and imparting tech skills (including Artificial Intelligence) for our graduates must assume mission-mode importance. Spending on education, in both the public and private sector must increase exponentially, especially in states that lag the national average. In parallel, Research and Development must be given prime importance in all relevant institutions. It is indeed true that a population that is close to 1.5 billion can be a demographic dividend for India. But that is true only if the population is skilled enough to face the challenges of a knowledge economy.
Health: India’s healthcare system is undergoing dramatic transformation, driven by digitalization and by infrastructure expansion. But challenges remain on account of rising medical costs and a growing chronic disease burden. Government has undertaken significant efforts such as Ayushman Bharat and Ayushman Arogya Mandir schemes which have made a big impact on providing healthcare in the country. Medical college seats have more than doubled since 2014, in an attempt to bridge the doctor-patient gap. Successful attempts have also been made to promote India as a global hub for medical tourism. Despite all this, serious challenges remain. Public spending on healthcare still lags desired levels. India also runs the risk of becoming the global capital for heart disease and diabetes. India therefore needs to continue its massive transformation of public health infrastructure to make it accessible, affordable and quality-driven for the vast majority of its population. The National Health Mission is doing a commendable job. It simply needs to be strengthened and streamlined.
Sustainable Development: India must not emulate the ways of either the industrialized countries which followed a high-carbon pathway to development or indeed that of China, which even today burns more coal than the rest of the world put together. India is the only major economy today which potentially has the possibility of following a low-carbon pathway to a high-income economy based on sustainable development. And India must do it not just because the world wants it to, but because the people of this country deserve it as a matter of right.
Conclusion: India is indeed well positioned to become Viksit Bharat by 2047. But the country needs to be on mission-mode and a whole-of-government approach is required to make sure that no stone is left unturned in this national endeavour. By any reckoning, the next twenty years will be the most crucial period in India’s history.
Dr Mohan Kumar is a former Indian Ambassador to France and currently Dean/Professor at O.P. Jindal Global University. Views are personal


