Алматыдағы Арбатта Яндекс.Музыка сервистің музыкалық «Go студиясы» ашылды

Алматыдағы Арбатта «Яндекс Музыка» сервисінің көпшілікке ашық музыкалық студиясы жұмысын бастады. 20 қыркүйекке дейін қонақтар музыканың нақты уақыт режимінде қалай жазылатынын және жанды музыкалық бағдарламалармен тамашалай алады.

32 күн ішінде студия сахнасында 37 әртіс өнер көрсетеді. Күндіз музыканттар кеңістікте жаңа тректермен жұмыс істесе, кешке сахнаға шығып, жанды сеттер ұсынады.

Жобаға V $ X V PRiNCE, ALEM, A.Z., KABDOL, M’Dee, Yenlik, Ayau, ALPHA, AYREE, Moreart, Liili, IL’HAN және басқа да орындаушылар қатысады. Арнайы қонақ ретінде Оңтүстік Кореядан келген K-pop әртісі Chrich өз өнерін таныстырады. Ол қазақстандық Bonapart әртісімен бірге бірлескен трек жазады.

«Go студиясының» негізгі қатысушыларының бірі — hatikoali. Әртіс «GO!» трегі шыққаннан кейін кеңінен танылды: оның видеосы 8 миллиондай қаралым жинап, ал тректің өзі Қазақстан чарттарының топ-10 тізіміне бір тәуліктің ішінде енді. Кейін бұл композицияны Джессика Честейн Instagram желісіндегі видеосына пайдаланды. 2026 жылы hatikoali ISKRA Qazaqstan плейлистінің бет-бейнесіне айналды.

20–22 тамыз аралығында hatikoali студияда өзінің жаңа INDI/GO альбомымен жұмыс істейді. Арбат қонақтары музыканың жасалу барысын тамашалап, контент түсіріп, болашақ тректердің релизге дейінгі демоверсияларын тыңдай алады.

Альбомның атауы көк пен күлгіннің арасындағы индиго түсімен байланысты. Әртіс үшін бұл — өтпелі кезеңнің метафорасы: арманнан шындыққа дейінгі жол, «мен қалаймын» деген күйден «енді не болады?» деген сұраққа дейінгі аралық.

«IndiGO — менің жаңа адамға айналғаным туралы хикая емес. Бұл — өзімнің екі нұсқамның арасындағы өтпелі кезең туралы оқиға. GO! трегіне дейін мен бір адам болсам, GO!-дан кейін басқа адамға айналдым. Қазір не сезініп жүргенімді және әрі қарай қай бағытта қозғалатынымды көрсеткім келеді», — дейді hatikoali.

Альбомда қазақы мәдени кодпен үйлесетін энергиялық әрі лирикалық композициялар тоғысады. Пластинкамен жұмыс істеу музыкант үшін шығармашылық жолындағы келесі кемел әрі саналы кезең болмақ.

«Go студиясы» музыкалық кеңестікті көпшілікке ашық сахна форматына айналдырады. Мұнда қонақтар алғашқы идеялардың пайда болуынан бастап вокал жазуға және жанды қойылымға дейінгі тректердің жасалу барысын бақылай алады. Жоба әртістер мен аудиторияны жақындастырып, тыңдармандарға шығармашылық процестің куәсі болуға мүмкіндік береді.

Қойылымдардың өзекті кестесі «Яндекс Музыка» сервисінің Instagram парақшасында жарияланады.

Өтетін күндері: 2026 жылғы 20 тамыз — 20 қыркүйек

Өтетін орны: Алматы қаласы, Арбат

Форматы: көпшілікке арналған музыкалық студия, жанды қойылымдар

Қатысушылар: 37 әртіс

«Яндекс Музыка» сервисінің әлеуметтік желілеріндегі жаңалықтарды бақылап, Арбатқа келіңіздер — сүйікті әртістеріңіз күн сайын өнер көрсетеді.