Air Astana тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алды

Air Astana Халықаралық әуе көлігі қауымдастығының Біріктірілген тұрақты даму бағдарламасы (IATA ISP) аясында тұрақты сатып алулар саласындағы сертификатқа ие болып, аталған сертификаттаудан өткен Орталық Азия мен ТМД-дағы алғашқы және әлемдегі үшінші әуе компаниясы болды.

IATA ISP бағдарламасы әуе компанияларына тұрақты дамуды басқару және бағалау жүйесін ұсынып, халықаралық озық тәжірибеге сәйкес ESG қағидаттарын олардың қызметіне енгізуге мүмкіндік береді.

Сертификат Air Astana-ның жауапты сатып алуларға жүйелі көзқарасын растайды. Оған сатып алу туралы шешімдер қабылдау кезінде ESG факторларын ескеру, жеткізушілерді бағалау, корпоративтік басқарудың тиімді үдерістері және жеткізу тізбегінің барлық кезеңінде тұрақты даму тәжірибені үздіксіз жетілдіру кіреді. Бұл тәсіл Air Astana-ның Тұрақты және ESG қағидаттарына негізделген сатып алу саясатына және әуекомпанияның Жеткізуші Кодексіне негізделген. Аталған құжаттар жауапты сатып алулар мен жеткізушілермен тұрақты өзара іс-қимылдың негізгі қағидаттары мен талаптарын айқындайды.

«Тұрақты сатып алулар саласында IATA ISP сертификатын алу Air Astana үшін маңызды кезең. Орталық Азия мен ТМД-да бірінші және әлем бойынша үшінші болып осы сертификатқа ие болғанымызды және Қазақстан мен аймақта тұрақты сатып алулар саласындағы жоғары стандарттарды қалыптастыратынымызды мақтан тұтамыз», – деді Air Astana-ның бас атқарушы директоры Ибрахим Жанлыел.

Сертификат Air Astana-ның жауапты бизнес жүргізу қағидаттарын ұстануға және компания қызметінде де, жеткізу тізбегінде де тұрақты даму тәжірибесін жүйелі түрде жетілдіруге бейілділігін айқындайды. ESG қағидаттарын сатып алу үдерістеріне енгізіп, жеткізушілермен серіктестік қарым-қатынас орната отырып, әуекомпания тұрақты авиация саласының ұзақ мерзімді дамуына үлес қосуды жалғастыруда.

Сонымен қатар, Air Astana 2024 жылдан бері ESG Awards марапатын өткізіп, ESG саласында жоғары стандарттарды көрсетіп, тұрақты дамуға үлес қосып жүрген жеткізушілер мен іскерлік серіктестердің жетістіктерін жыл сайын атап өтеді. Сыйлық ESG тәжірибесін одан әрі жетілдіруге және озық тәжірибе алмасуға ықпал етеді.