Air Astana Алматы мен Астанадан Шарм-эль-Шейхке тұрақты рейстерді іске қосады

Air Astana әуекомпаниясы Алматыдан 10 желтоқсаннан бастап және Астанадан 11 желтоқсаннан бастап Шарм-эль-Шейхке (Мысыр) тұрақты рейстердің басталатынын қуана хабарлайды. Енді Қызыл теңіз жағалауындағы танымал курорт өз бетімен саяхат жасау үшін одан әрі қолжетімді болады.

“Бұрын Шарм-эль-Шейхке рейстер тек чартерлік бағдарламалар шеңберінде ғана орындалған, алайда тұрақты рейстердің мәртебесі жолаушыларға тікелей әуекомпанияның ресми сайтында, Air Astana мобильді қосымшасында, сондай-ақ туроператорлар мен аккредиттелген турагенттіктер арқылы авиабилеттерді брондауға және сатып алуға мүмкіндік береді. Тұрақты кестеге көшу Қазақстаннан ұшу географиясын кеңейтеді және туристерге күзгі-қысқы маусымда Мысырға саяхат жасауды жоспарлауда икемділік береді”, – деп атап өтті Air Astana компаниясының коммерциялық жоспарлау және кірісті басқару жөніндегі аға вице-президенті Ерболат Байсалыков.

Алматыдан Шарм-эль-Шейхке рейстер дүйсенбі және бейсенбі күндері, ал Астанадан сейсенбі және жұма күндері жайлы A321 әуе кемелерімен орындалады.

Алматыдан КС8275 рейсінің ұшып кетуі 07:20-да, Шарм-эль-Шейхке ұшып келуі – 11:50-де (ұшу ұзақтығы: 7 сағат 30 минут).
KC8276 қайтар рейсінің ұшып кетуі – 12.50-де, Алматыға ұшып келуі – 22.10-да.

Астанадан КС8277 рейсінің ұшып кетуі – 06:50-де, Шарм-эль-Шейхке ұшып келуі – 10:45-те (ұшу узақтығы: 6 сағат 55 минут).
КС8278 қайтар рейсінің ұшып кетуі – 11.55-де, Астанаға ұшып келуі – 20.50-де.

Әрбір әуежайдың жергілікті уақыты көрсетілген.

Алматы-Шарм-эль-Шейх-Алматы бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы алымдардың барлығын қосқанда ұшақ билетінің ең төменгі құны тиісінше 283 690 және 597 864 теңге.

Астана-Шарм-эль-Шейх-Астана бағыты бойынша эконом-кластағы және бизнес-кластағы алымдардың барлығын қосқанда ұшақ билетінің ең төменгі құны тиісінше 283 734 және 588 932 теңге.

Ұшақ билеттерін Air Astana сайтында және мобильдік қосымшада, әуекомпанияның сату кеңселерінде, сондай-ақ агенттіктерде сатып алуға болады.

ҚР СІМ сайтындағы ақпаратқа сәйкес, 21 жасқа толмаған қазақстандықтар ата-анасының біреуінің (әкесі немесе анасы) бірге жүруінсіз Мысыр аумағына кіре алмайды; 21 жасқа толған азаматтар Мысырға туристік сапармен барғанда, егер сапар тек Шарм эль-Шейх аймағымен шектеліп, 15 күннен аспайтын болса, визаны Шарм эль-Шейх халықаралық әуежайында рәсімдей алады; Каир, Хургада немесе Мысырдың басқа қалаларына баруды жоспарлаған азаматтар сапар алдында Қазақстандағы Мысыр Елшілігінен виза алуы тиіс.