Vietjet инвесторлармен байланыс және корпоративтік қаржыландыру стратегиясы бойынша екі халықаралық марапатқа ие болды

Vietjet әуе компаниясы World Business Outlook Awards 2026 халықаралық премиясының екі номинациясы бойынша жеңімпаз атанды. Компания «Инвесторлармен байланыс саласындағы үздік әуе компаниясы — Global 2026» (Best Investor Relations Airline – Global 2026) және «Корпоративтік қаржыландырудың үздік стратегиясы — Global 2026» (Best Corporate Finance Strategy – Global 2026) марапаттарын иеленді. Бұл марапаттар әуе компаниясының инвесторларға ақпарат ұсыну ашықтығын арттыру және бизнестің ұзақ мерзімді өсуін қамтамасыз ететін қаржылық стратегияны дамыту бағытындағы жұмысын мойындайды.
Vietjet өзінің гибридті бизнес-моделі аясында халықаралық қаржы серіктестерімен ынтымақтасып, әуе паркін кеңейтуге, ұшу бағыттарының желісін дамытуға және авиация саласындағы сабақтас бизнес бағыттарына инвестиция салуға арналған түрлі қаржыландыру тетіктерін пайдаланады. Инвесторлармен байланыс жөніндегі арнайы команда компанияның қызметі туралы жаңалықтарды, стратегиялық басымдықтарды, қаржылық есептерді, жылдық және ESG есептерін әуе компаниясының инвесторларға арналған ресми сайт бөлімінде вьетнам мен ағылшын тілдерінде жариялап отырады.
Vietjet директорлар кеңесі төрағасының орынбасары әрі топтың қаржы директоры Хо Нгок Йен Фыонг ханым: «Әуе паркіне инвестиция салу немесе маршруттық желіні кеңейту жөніндегі әрбір шешім — ұзақ мерзімді міндеттеме. Біз капиталды тарту және бөлу тәсілдерін топтың өсу жоспарларымен сәйкестендіріп, басымдықтарымыз бен оларды жүзеге асыру жолдары туралы инвесторлармен тұрақты диалог жүргіземіз. Халықаралық қаржы серіктестерімен қарым-қатынасты нығайту арқылы Vietjet компаниясының бәсекеге қабілеттілігін арттырып, гибридті әуе компаниясы моделіміз аясында халықаралық бағыттардағы жолаушыларға көрсетілетін қызмет сапасын жақсартуды мақсат етеміз», — деп атап өтті.
2026 жылдың алғашқы тоғыз айында Vietjet компаниясының шоғырландырылған кірісі шамамен 2,88 млрд АҚШ долларын құрады. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға жоғары және компанияның жылдық жоспарының 86%-ына тең. Салық төлегеннен кейінгі шоғырландырылған таза пайда шамамен 66,7 млн АҚШ долларына жетіп, жылдық жоспардың 82%-ын құрады.Есепті кезеңде әуе компаниясы 111 700 рейс орындап, 20,7 миллионнан астам жолаушы тасымалдады.
Vietjet жалпы саны 223 бағытқа қызмет көрсетеді, оның ішінде 176 халықаралық және 47 ішкі бағыт бар. Жақында әуе компаниясы Алматыдан Ханой мен Прагаға тікелей рейстерді іске қосты. Екі бағыт бойынша да аптасына екі рет Airbus A330 кең фюзеляжды әуе кемелерімен рейстер орындалады.
World Business Outlook Awards марапаты World Business Outlook журналы жыл сайын әлемдік бизнес пен қаржы салаларындағы жетістіктер мен инновацияларды мойындау мақсатында табыстайды.




