Airbus 2045 жылға қарай Орталық Азиядағы әуе тасымалы көлемі бойынша экономикалық өсім мен туризмнің дамуы есебінен шамамен үш есеге арттыруын болжайды

Airbus компаниясының әлемдік авиация нарығын дамыту жөніндегі соңғы болжамына (Global Market Forecast, GMF) сәйкес, Орталық Азиядағы, оның ішінде өңірге, өңірден және өңір ішіндегі әуе тасымалы алдағы 20 жыл ішінде орта есеппен жылына 5,1%-ға өседі. Жолаушы айналымының (RPK) көлемі 2025 жылғы 89 млрд жолаушы-километрден 2045 жылы 242 млрд жолаушы-километрге дейін ұлғайып, шамамен үш есеге артады деп күтілуде.
Орталық Азияның авиация нарығының өсуі тұрақты экономикалық және демографиялық факторлармен қамтамасыз етіледі. 2045 жылға қарай Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстандағы орта таптың саны 26 миллион адамға артып, 80 миллион адамға жетеді. Жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) жыл сайынғы орташа өсімі 3,8%, қала халқы санының 15 миллион адамға көбеюі және сауда көлемінің жыл сайын 3,1%-ға өсуі халық табысының артуына ықпал етеді. Нәтижесінде өңірдегі жан басына шаққандағы әуе сапарларының қарқындылығы 2045 жылға қарай шамамен екі есе өседі.

Орталық Азияның бес елдің экономикасымен салыстырғанда, бүгіннің өзінде әуе қатынасын пайдалануға жоғары бейімділік көрсетіп отыр. Алдағы 20 жыл ішінде бұл көрсеткіш әлемдік орташа деңгейден асып түсетінін күтілуде. Қазіргі уақытта әлем бойынша орташа көрсеткіш жылына адам басына 0,2 әуе сапарын құрайды. Жолаушылар ағынының ең үлкен көлемі өңірішілік бағыттарға тиесілі, ал ең жоғары өсу қарқыны Қытай, Еуропа және ТМД елдері арасындағы бағыттарда байқалады.
«Орталық Азияның Орта дәліз аясындағы стратегиялық орналасуы өңірдің Еуропа мен Азия арасындағы маңызды сауда байланысының ретіндегі рөлін күшейтеді», – деді Airbus компаниясының стратегиялық талдау және жаһандық нарық болжамы жөніндегі директоры Жером Шапталь. «Өңір авиакомпаниялары өсіп жатқан жолаушылар сұранысын қанағаттандыру мен әуе көлігінің тиімділігін арттыру мақсатында ұшу бағыттарының географиясын кеңейтіп, әуе парктерін жаңғыртуда».
Өңірдегі әуе паркін жаңғырту ауқымын жаңа буын әуе кемелерінің үлесінің қарқынды өсуі көрсетеді: соңғы он жылда бұл үлес 0%-дан 42%-ға дейін өсті, ал болжам бойынша 2035 жылға қарай 86%-ға жетеді.



