Елордада бас ту жартылай төменге түсірілді
Жалпыұлттық аза тұту күні Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері алаңында орналасқан бас ту жартылай төменге түсірілді. Ту тұғырының биіктігі 100 метр. Ауданы 450 ш.м. Салмағы 100 кг.
Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, 12 маусым күні сағат 00:00-ге дейін мемлекеттік символ жалаусаптың жарты биіктігіне (50 м) түсірілді.
Абай облысында болған өрт кезінде 14 қызметкер қаза тапты. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев марқұмдардың жақындарымен кездесіп, көңіл білдірді.
Сонымен қатар, марқұмдар Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Мемлекет басшысының Жарлығымен «Құрмет» орденімен марапатталды.