Абай облысында өрт кезінде 14 адамды ажал құшты

2023 жылғы 8 маусым күні “Семей орманы” МОТР” РММ Батпай орманшылығының аумағында орман өрті орын алды. Екпінді желдің әсерінен үлкен алаңға таралды.

Өртті жою мақсатында жедел штаб ұйымдастырылды.

Тілсіз жауды ауыздықтауға 662 адам, 177 бірлік техника және 6 тікұшақ жұмылдырылды. Авиациялық техникамен 80 рет, жалпы көлемі 192 тонна су төгілді.

Қазіргі уақытта орманшылықтың үш қызметкерінің денелері табылды, ал он бір адаммен байланыс жоқ. Оларды іздеу бойынша іс-шаралар жүргізілуде.

Өрттің жалпы ауданы шамамен 30 мың га құрайды, алдын-ала себебі  найзағай салдарынан болуы мүмкін.

Өкінішке орай, зілзала кезінде 14 қызметкер қайтыс болды.

Өртке оранған аймаққа Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев келіп, марқұмдардың жақындарымен кездесіп, көңіл білдірді. Қаза болған жандардың отбасыларына мемлекет тарапынан барлық көмек көрсетіледі.

Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды:

1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;
2. Жиенбаева Мейрамгүл Құсайынқызы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының басшысы;
3. Губаев Алексей Григорьевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман шебері – мемлекеттік инспекторы;
4. Начинёнов Константин Сергеевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
5. Нұржігітов Саят Нұржанұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
6. Сидорин Виктор Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
7. Сидорин Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
8. Фоминых Максим Владимирович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының аумақты қорғау бойынша инспекторы – мемлекеттік инспекторы;
9. Гражданкин Петр Александрович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
10. Пузырев Сергей Николаевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының орман өрт сөндірушісі;
11. Дарибаев Александр Викторович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының тракторшысы – машинисі;
12. Ганьшин Даниил Евгеньевич (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы Успенка орманшылығының көлік жүргізушісі;
13. Пузырев Николай Иванович (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалы орталық орманшылығының көлік жүргізушісі;
14. Дүйсембаев Амангелді Спатайұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының көлік жүргізушісі.