Korea Spotlight К-поп фестивалі Алматыда Оңтүстік Корея мен ТМД музыкалық бизнесінің өкілдері бас қосады

22 және 23 маусым күндері Алматы қаласы бүкіл әлемдік музыка индустриясының назарын өзіне аудартатын болады. Оңтүстік Кореяның ең танымал инди-әртістері мен жұлдыздары Қазақстанға Korea Spotlight шоукейс-фестиваліне келетін болады. Әлем бойынша түрлі фестивальдерде залдарды лық толтырған DPR IAN осы шараның хедлайнері және арнайы шақырылған қонағы болмақ. Бүкіл әлем бойынша K-pop жанкүйерлерінің кумирі 23 маусым күні көрермендердің алдында өнер көрсетеді.

Сондай-ақ, шоукейс-фестивалінің тізімінде түрлі елдерде және Coachella фестивалі секілді белгілі алаңдарда танымал болып үлгерген W24, KISU, THE SOLUTIONS, MustB секілді әйгілі халықаралық К-pop топтар да бар. Korea Spotlight бейкоммерциялық  К-pop фестивалі кәріс мәдениетін Орталық Азияда дәріптеуге бағытталған. Фестивальді ұйымдастырушы — KNTO қолдауымен The Korea Creative Content Agency (КОССА).

Ұйымдастырушылардың хабарлауы бойынша Korea Spotlight екі күнге жалғасады. Алғашқы күнге панельдік пікірталас жоспарланған, онда қатысушылар бүгінгі ивент-индустрия мен шоу-бизнес үшін маңызды мәселелерді талқылайтын болады. Мәселен, әлеуметтік желілерде мықты жанкүйерлер тобын қалай құру керек және жұлдыздарды жарқыратып жатқан кәріс лейблдерінің осынша табысты болуының сыры неде? Сонымен қатар бұл жерде жаңа адамдармен танысуға, жаңа іскерлік қарым-қатынас орнатып, сұхбат та жазып алуға болады. Шараның ресми бөлігінде Оңтүстік Кореяның дарынды орындаушылары ТМД және РФ музыкалық бизнесінің  сарапшыларымен танысатын болады. Ал екінші күні әртістер мен қонақтар осы маусымның ең жарқын кешіндегі К-pop атмосфераны сезінетін болады.

Билеттер 9 маусым сағат 18:08-де сатылымға шықты. Бірнеше минуттан кейін даунтайм орын алды – сайтқа кірушілердің саны тым көп болуы себебінен сайт жұмыс істемей қалды. Шамамен сағат 18:20-да бос билеттер қалмады. Мұндай құбылыс К-pop әртістері гастрольдік сапармен барған кез келген елде кездеседі.

«Жанкүйерлер билеттерді бейне бір құйын секілді жұлып әкетеді – осы кешке кіруге мүмкіндік беретін билеттің құнына, олардың сатылымға шыққан санына қарамастан, түгел сатылып кетеді. Дүниежүзі бойынша миллиондаған жанкүйерлерін тапқан, бүтін бір субмәдениет туындатқан осы жас музыкалық бағыттың сыры не? К-pop кумирлерінің бас айналдырарлық магнетизмі неден туындады? Неліктен әлемге кеңінен танымал (Куинси Джонс және Алиша Киз секілді) тұлғалар осы музыкалық бағыт алдында бас иіп, оның болашағы зор екенін мойындады»? — деп мәлімдеді 22 маусым сағат 15:00-де The Korea Creative Content Agency ұйымдастырушылары.

Қатысушылар мен БАҚ өкілдері тіркелуге арналған сілтеме мында.

Сонымен бірге әртістер Event Space (Forum ОСО) алаңында жанкүйерлерімен де кездесетін болады. Басталуы — 18:00-де.

Корея Ұлттық туризм ұйымының KNTO өкілеттігі Алматы қаласында 2017 жылғы 17 шілдеде өз есігін алғаш ашқан болатын. Өкілеттіктің қызмет аясы  — Орталық Азияның бес елі: Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Түрікменстан, Тәжікстан. KNTO жұмысымен толығырақ visitkorea.or.kr сайтында танысуға болады.

KOCCA

Корея креативті контент агенттігі (KOCCA) – бұл кәріс контент индустриясын ілгері жылжыту ісін бақылайтын және үйлестіретін үкіметтік агенттік. Ол 2009 жылғы мамыр айында өзара байланысты бес ұйымды, оның ішінде Корея хабар тарату институтын, Корея мәдениет және контент агенттігін, сондай-ақ, Корея ойын-сауық агенттігін біріктіру арқылы құрылған болатын.

KOCCA штаб-пәтері Чолла провинциясының «мәдениет және өнер ордасы» атанған Начжу қаласында орналасқан, бұл қала өзінің жыл сайын наурыз айында гүл ашатын ақ алмұрт ағаштарының самсыған әдемі гүлдерімен де кеңінен танымал.