inDrive.Курьерлер Қазақстанда тауарларды атпен жеткізуді іске қосу мүмкіндігін қарастыруда

inDrive компаниясының inDrive.Курьерлер тауарларды жеткізу сервисі – жетуге жолы қиын жерлерге тауарларды атпен жеткізуді іске қосу мүмкіндігін қарастыруда. Бұл шағын және орта бизнеске тауарларды жеткізу аймағын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл туралы компания өкілі хабарлады.

Бүгінде inDrive.Курьерлер қызметтерін шағын бизнес көптеп пайдаланады. Олар агрегатормен ынтымақтастықтың пайдасына штаттық курьерлерден саналы түрде бас тартады, өйткені бұл ең жоғары жүктемелі сағаттарда жеткізу жүктемесін тиімді бағамен қосымша инвестициясыз тиімді бөлуге мүмкіндік береді. Сондай-ақ, шағын бизнес тарапынан маңызды сұраныс — олардың тауарларын ірі елді мекендерге жақын жетуге жол қиын жерлерге жеткізу мүмкіндігі болып табылады. Атпен жеткізуді бастау шағын және орта бизнесті тұтынушылардың қосымша аудиториясымен қамтамасыз етуге көмектеседі, ал жетуге жолы қиын елді мекендердің тұрғындарын көпшілік тұтынатын және басқа да қажетті тауарлармен қамтамасыз ететін еді.

Сонымен қатар, мұндай бастамалар жергілікті экономиканы қолдап, аймақтар мен елді мекендердің дамуына ықпал етуі мүмкін.

Компания аттардың көмегімен тауарларды жеткізуді тереңірек зерттеуді және іс жүзінде жүзеге асырылуын бағалауды жоспарлап отыр. Егер бұл бастама іске асырылса, ол қазіргі қолданыстағы жеткізу әдістерін алмастырмаса да, қажетті жағдайда оларды толықтырады.